Дарынды Морозов

Егер де Гиннес рекордтары кітабы сияқты ІІО рекордтар кітабы жүргізілсе, Павлодар стансасындағы ІІЖБ-не өмірінің 34 жылын арнаған, құрметті ардагер, ІІЖБ бастығының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары болған, полиция полковнигі Александр Морозов сол рекордтар тізімінің басында болушы еді.
1980 жылы олимпиадалық ойындар өткізген кезде милиция кіші лейтенанты Александр Григорьевич Мәскеуде қоғамдық тәртіпті күзетуге қатысқан. Қызметін адал атқарғандығы үшін ІІМ, КОІІД-нің құқығымен бірнеше рет марапатталған. ҚР ІІМ үздігі, «ҚР ІІО ардагері», ІІ, ІІІ дәрежелі «ІІО-дағы мінсіз қызметі үшін» медальдары бар, ол сондай-ақ, «1-сынып тәлімгері» маманы.
Александр Григорьевич Павлодар стансасындағы ІІЖБ-нің құрылуына, дамуына зор үлес қосты. Оның сол кезде шәкірттері қазіргі күні жоғары лауазымдарда отырса да, Александр Григорьевичті өздерінің ұстазы деп санайды. Бөлімде Александр Григорьевичті әзілдеп «ходячая энциклопедия» деп атайды, өйткені, ол кісінің білмейтіні жоқ, қандай да бір сұраққа жауап беріп, мәселені шешуге көмектеседі, ол жас ұрпақ үшін үнемі үлгі болатын адам.
Бүгінде отставкадағы полиция полковнигі ұл мен қыз өсіріп, үш немере тәрбиелеп отырған бақытты отағасы. Сонымен қатар, өз қолымен баптап жеміс-жидек өсірумен айналысатын бағбан екенін де ерекше атап өтуіміз керек. «Дарынды адам барлық жағынан да дарынды» деген сөз тегін айтылмаған. Қазіргі таңда Александр Григорьевич Павлодар қаласының әскерилендірілген теміржол күзетінің атыс командасының бастығы болып қызмет етеді.
Украинаның Черкасск облысының Балаклея селосында дүниеге келген Александр Григорьевич алғашқыда милиционер болып, содан кейін кіші байланыс инспекторы, ал 1977 жылы қыркүйектен бастап бөлімше командирі болып қызмет етті. 1988 жылы ІІМ Қарағанды жоғары мектебіне сырттай оқуға түсті. 34 жыл ішінде Александр Григорьевич кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспекция бастығы, тергеуші, ОБХСС жедел уәкілі, ОБХСС бастығы, қылмыстық іздестіру бөлімшесінің бастығы, ІІЖб бастығының орынбасары болды. 2009 жылдың желтоқсанында Павлодар стансасындағы ІІЖб жеке құрамы полиция полковнигі Морозов Александр Григорьевичті құрметті демалысқа шығарып салды.
Ол қызметтік борышын адал әрі мінсіз атқара жүріп қатардағы милиционерден ІІЖБ бастығының орынбасарына дейін, старшинадан полковникке дейін жетті. Ішкі істер органдарында адал еңбек етіп, өз ісінің қыр-сырын толық меңгерген кәсіби маман Александр Григорьевич қаншама қылмыстың жолын кесіп, талай заңсыздықты әшкереледі.

Анаргүл НҰРБАНОВА, Павлодар облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*