Тілсіз жауға тиянақты дайындық

Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында табиғи өртті жою бойынша өрт-техникалық оқу-жаттығуы өтті.
Өрт қауіпті кезеңнің келуі Солтүстік Қазақстан облысы – Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарының орман мен астықты алқапқа бай аймақтары үшін «қобалжу күндері» туады. Өйткені, өрт шекараға қарамайды, жолында кездескеннің бәрін аяусыз күл мен күйікке айналдырады. Сондықтан көрші тұрған облыстардың Азаматтық қорғаныс қызметтерінің, билік органдарының осындай табиғи қауіпті апаттарда тиімді әрекеттесуі мәселелері қазірде басты назарда тұр.
Сондай-ақ тәжірибелік дайындыққа ерекше көңіл бөлінеді: біріккен оқу-жаттығулар барысында өрттерді жою бойынша міндеттер мен әрекеттер жасау, ондағы қатысушы мекемелер бөлімшелері мен түрлі ведомстволық техниканың тиімді басқаруын ұйымдастыру. Осындай оқу-жаттығулардың бірі Тайынша ауданы аумағында шекаралас Ақмола облысымен өрткен болатын. Оқу-жаттығу барысында табиғи (алқапты) өртті жою кезінде Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының жергілікті атқарушы органдардың, авариялық-құтқару жұмыстары қызметтері мен әскериленбеген өртке қарсы құрылымдардың өзара әрекеттесуі болды.
Ильичовка селосына жақын жердегі таяу жазықтықта шаруашылық обьектілерінің, Орлиногорск мемлекеттік орман мекемесінің, Тайынша ауданының АҚ және ТЖ қызметтері, ерікті өртке қарсы құрылымдар, жедел медициналық жәрдем бөлімшелері, СҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі және Ақмола облысының ТЖД жеке құрамы мен техникалары сапқа тұрды.
Қысқа нұсқаулық бергеннен соң, сценарий бойынша отты абайсыз пайдалану салдарынан орман шоғынан от ошақтары «лап» етті. Моторлар оталып, жалт еткен жалынмен Ильичевка селосының ерікті өртке қарсы құрылымының техникасы мен жеке құрамы ұрысқа түсті. Орманның айналасы жыртылып, жеке құрам ақ қайыңға «ұмтылған» от ошақтарын сөндіріп жатты. Өрт ошағын шектеуге қолда бар күштің бәрі қатыстырылды. Алайда, төтенше жағдай аумағындағы жағдайды қиындатқан: қатты желдің әсерінен өрт Ильичевканың тұрғын-үй секторына таралды, жақын маңдағы бидай алқабынан өтіп, шекара жаққа бет алды.
Аз уақыттан соң отпен күреске Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №17 өрт сөндіру бөлімінің ерікті өртке қарсы құрылымы жеке құрамдары кірісті, ал оларға көмекке Азаматтық қорғаныс қызметтері жіберілді. Сумен қамтамасыз ету көздерінің алыс орналасқанына байланысты тайыншалық өрт сөндірушілерді сумен қамтамасыз ету үшін Көкшетау қаласы стансасының өрт сөндіру пойызынан жеңдік желі қойылған болатын. Ол өрт техникасын сумен толтыру үшін қолданылған болатын. 3 тұрғын үйді қоршап алған, шартты өрт сәтті жойылды. Оқу-жаттығу барысында жедел көмек бригадасының өртте зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетуі және оны шұғыл түрде жақын жердегі ауруханаға жеткізуі, полиция қызметкерлерінің төтенше жағдай аумағын қоршау әрекеттері пысықталды.
Сонымен қатар оқу-жаттығуда «Орман шаруашылығына қызмет көрсету және орман күзетінің қазақ авиациялық базасы» РГКП тікұшағы қатыстырылған болатын. ӨТОЖ кезеңдердің бірінде сценарий бойынша орман алқабында «өрт» туындады. Өрт орнына жедел түрде отпен күреске түскен «десант» тікұшақпен жеткізілді. «Орлиногорск мемлекеттік орман мекемесі» ММ қызметкерлерімен бірге экипаж өртті жойды.
Бірлескен күшпен «шақырылмаған қонақты» ауыздықтап, жақын маңдағы елді мекенге қауіп төндірген өртке тосқауыл қоюға қол жеткізілді.
Есептелген уақытта отқа шектеу қойылып, одан соң толығымен өрт жойылды. Оқиға орнында құрылған өрт сөндіру штабы қалыптасқан жағдайды есепке ала отырып, оқу-жаттығудың барлық қатысушылары күштерінің үйлесімді әрекет етуіне басшылық етті. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Николай Трифонов тапсырмаларды орындау және оқу-жаттығу кезеңдерін жеке-жеке талқылау бойынша баяндамаларды тыңдаған соң, Төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті билік органдары, орман шаруашылығы басшылығы, іс-шараға қатысқан бөлімшелердің әрекетіне жан-жақты баға берді.
Кейін сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Антон Федяев оқу-жаттығу қатысушыларының үйлесімді әрекеттерін, техниканы үздік меңгеруін, өрт сөндіру барысында басшылықтың жедел жағдайды ерекше бақылауда ұстауын атап өтті. Ол Тайынша ауданының басшылығы мен Ақмола облысы өкілдерін планетамыздың аса қауіпті табиғи құбылыстарының бірі – тілсіз жаудың алдын алу мен жою ісіндегі әрекеттесу мәселесіне жауапты қарағандығы үшін ризашылығын айтып, аталған бағыттағы жұмыста бұдан әрі де жемісті ынтымақтастық жалғасатынына сенім білдірді. «Сіздер иық тіресе өртпен күрестіңіздер, шартты жалын ошағын сөндірдіңіздер, орман алқаптары мен елді мекендерді өрттен қорғау амал-тәсілдерін қарастырдыңыздар. Алдағы өртті және өзге де төтенше жағдайларды жою дайындығында баға жетпес тәжірибе болады, бөлімшелер мен құрылымдардың жеке құрамының кәсіби деңгейін арттырады», – деді сөз соңында Антон Владимирович.

Аман ӘУЕСХАНОВ, Солтүстік Қазақстан облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*