Мейірімі мол мамандық

Қызылорда облыстық Ішкі істер департаментінің ұжымы өздерінің әріптестері – ішкі істер органдарының дәрігерлерін «Медицина қызметкерлерінің күні» мерекесімен құттықтады.
Салтанатты шараға департамент басшылығы мен Қызылорда облыстық Ішкі істер департаменті емханасының қызметкерлері қатысты. Шара барысында департамент бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ж.Оспанов сөз алып, халық денсаулығының сақталып, саламатты өмір салтын қалыптастыруда ақ халатты абзал жандардың қосқан үлесі өлшеусіз екендігін ерекше атап өтті. «Алдына келген әрбір жанға ерекше ықыласпен қарап, тәні ауырғанда да, жаны ауырғанда да жылы сөзімен, мейірімді ниетімен емдей білетін дәрігерлер қауымына айтар алғысымыз шексіз. Қиындығы көп болғанымен, қайтарымы да, алғысы да мол еңбектеріңіз жемісті болып, жана берсін. Отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық пен мереке тілейміз», – деді. Шарада өңіріміздің қоғамдық-саяси өміріне атсалысып, медицина саласының дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар дәрігерлер қауымы марапат биігінен көрініп, зор құрметке ие болды.

Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*