Өрт сөндірушілер марапатталды

Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері үшін 2 маусым салтанатты жиыннан басталды. Петропавлдық өрт сөндірушілерге қала әкімі салтанатты түрде алғыс хаттар табыс етті.
Қала басшысы Марат Тасмағанбетов «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні» мемлекеттік мерекесі қарсаңында кеңес өткізді, онда ол өрт сөндіру қызметінің қызметкерлеріне жедел әрекеттері мен қайсар еңбектері үшін шексіз алғысын білдірді. Әкім осы жылы болған ауқымды су тасқынын ерекше атап өтті, десек те, жедел жұмыстар мен кәсіби шеберліктің арқасында бұл мәселе оңтайлы шешілді және зардап шегушілер болған жоқ. Петропавл қаласының аумағында болған су тасқынын жоюға белсенді қатысқаны үшін «СҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №2, 3 және 4 өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері Жанайдар Кенжеғозинов, Мұрат Молдағалиев, Арман Төкенов, Дастан Абулғазин және Жамбыл Ахметов сияқты қызметкерлер марапатталды.
Марат Тасмағанбетов Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтановтың атынан да алғысын білдірді, ол да Петропавл қаласы өрт сөндірушілерінің еңбегіне өте жоғары баға беріп және оларға мансаптарының және жауынгерлік еңбектерінің артуына тілектес екенін білдірген екен. «Әрқашан дайынбыз!» – бұл №4 өрт сөндіру бөлімінің аға жүргізушісі Жанайдар Кенжеғозиновтің ұраны. Жанайдар өмірінің 10 жылдан астам уақытын осы қызметке арнаған және білікті маман. «Осы жылы жұмыс көлемі өте үлкен болды. Қиындықтар көп кездесті, бірақ олардың барлығынан өттік. Өрт сөндіру қызметінде жұмыс істеу үлкен жауапкершілік жүктейді және мен тәуліктің кез келген уақытында күн сайын төтенше жағдайлардан адамдарды құтқаруға әрдайым дайынмын!», – дейді ол. Марапаттаудан кейін СҚО ТЖД жедел жасағы бастығының орынбасары Виктор Держанский баяндама оқыды. Ол қала әкіміне ағымдағы кезеңде атқарылған жұмыстар туралы баяндап берді. Виктор Держанский былай деді: «Біз апатты салдарсыз және адамдардың зардап шекпеуінсіз жеңе білдік. Біздің мамандар кез келген уақытта халыққа көмек көрсетуге әрқашан дайын». Кеңесте көптеген қонақ болды, оның ішінде Петропавл қаласының Жергілікті полиция бастығы Александр Михайлов та болды. Ол полицейлер атынан өрт сөндірушілерге зор алғысын білдірді.
Кеңес соңында Марат Тасмағанбетов барша қауымға бірлік, бақыт, амандық пен саулық тіледі.

Валерия Сұлтанова,
Солтүстік Қазақстан облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*