Біліп жүрген түйіп жүреді

Солтүстік Қазақстан облысында маусым айының 6-сы мен шілде айының 25-і аралығында өтетін адамдардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша айлық басталды. Іс-шара мақсаты – төтенше жағдайлардың алдын алу және адамдардың су айдындарында қаза болуына жол бермеу.
Айлық кезеңіне судағы қауіпсіздік шаралары бойынша негізгі іс-шаралар жоспары құрылған. Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері таяу уақытта қалалық жағажайларда жүзу шекарасын анықтап, орнатады. Жастар ұйымдары мен жергілікті полицияны жұмылдыру, жергілікті атқарушы органдармен рейдтік іс-шаралар ұйымдастыру, осылардың барлығы адамдардың суда шомылу кезеңінде қауіпсіздік талааптарына жауапты қарасын деген мақсатта жүргізіледі. Сондай-ақ, халықпен үнемі профилактикалық әңгімелесулер де жүргізіледі.
Арнайы жабдықталған орындарда ғана суға шомылуға болатынын естен шығармау керек. Біздің қаламызда екі жағажай ресми болып саналады – Есіл өзеніндегі және Пестрый көлі жағасындағы қалалық жағажайлар. Қымбатты азаматтар, тек осы екі орында суға шомылуды қадағалау біздің құзіретімізде. Себебі, олар демалушылар үшін арнайы дайындалып, жабдықталған. Жағажайларда тәулік бойы құтқарушылар мен медицина қызметкерлері кезекшіліктерін атқарады. Соңғы 6 жыл ішінде болған судағы қайғылы жағдайлар аз емес. Облысымызда көрсетілген кезең ішінде 198 адам суға батса, олардың 18-і балалар, 285 адам құтқарылды, олардың 80-і балалар. Қаншама адам өмірі ажал үстінде болды, алайда, ТЖД құтқарушылары уақытында көмекке келді. Ағымдағы кезеңнің өзінде 4 адам – 3 ересек және 1 бала суға батып кетіп отыр. Бұл сандар сіздерге ой салулары тиіс. Адамдардың қауіпсіздігі көп дәрежеде жағажай иесіне қатысты. Олар өз міндеттеріне адал қарауы қажет. Құтқару бекеттері, балаларға арналған суға шомылу зоналары, ақпараттық стендтер және медицина қызметкерлері – егер осылардың бәрі жағажайларымызда қызмет етсе, судағы қаза болу саны анағұрлым азаяр еді.

Валерия СҰЛТАНОВА, Солтүстік Қазақстан облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*