«Қауіпсіз үй» қуанышқа бастайды

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданында «Қауіпсіз үй» науқаны жалғасуда. «Тәуекел тобына» жататын азаматтарға – тұрмысы нашар отбасыларға, жалғызбасты зейнеткерлер мен дұрыс өмір салтын ұстанбайтын азаматтарға ерекше көңіл бөлінеді.
Тұрғын үй секторында өрттердің алдын алу үшін Ұзынкөл ауданы ТЖ бөлімінің қызметкерлері аудандық ІІБ жергілікті учаскелік инспекторлары, ауылдық әкімдіктің жұмысшыларымен өзара тығыз әрекет ете отырып, алдын алу іс-шараларын жүргізеді. Статистика көрсеткендей, тұрғын үйдегі өрттер салдары әртүрлі жағдайдан – отты абайсыз қолдану, электр құралдарын пайдалану кезінде техникалық ережесін бұзу, жарамсыз электр сымдарын және т.б. пайдаланудан орын алып отыр. Төтенше жағдайлардың негізгі туындау себептері – бұл алкоголь мен сөндірілмеген темекі. Осындай рейдтер жүргізу барысында негізгі жұмыс бағыты – профилактикалық әңгімелесулер мен көрнекі үгіттеу жұмыстары. ТЖБ қызметкерлері Ұзынкөл аудандық ІІБ учаскелік полиция инспекторлармен бірлесе Ұзынкөл ауылының тұрғындарымен жиналыс жүргізіп келеді. Кездесу барысында оларға тұрмыстағы өрт қауіпсіздік ережесін сақтау қажеттілігі жөнінде айтылды. Үйлерді аралау барысында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі: мас күйде темекі шеккен кезде отты абайсыз пайдалану неге әкеліп соқтыратыны және төсекте темекі шегу несімен қауіпті екендігі ескертіледі. Тұрғындарға «Өрттердің туындау себептері», «Отты абайсыз қолдану», «Балалардың сіріңкемен ойнауы» жадынамалары таратылады. Өрттерді, адамдардың жарақат алулары мен өлімін болдырмау үшін тұрғындарға өрт қауіпсіздік талаптарын бұлжытпай сақтауға ұсыныс берілді. Өрттердің бастапқы туындау себептері кезінде (түтін иісі, бықсу) электр құралдарын ажыратып, жүйеден электр желісін сөндіру қажет. Егер де тұтану тоқтамаса, оған су құйып немесе өрт сөндіру бөліміне болған жағдай жайлы хабар беру қажет. Ал өрт қатты жанып жатқан жағдайда уланып қалмау үшін ғимараттан шығу қажет.

Қостанай облысы ТЖД
Ұзынкөл ауданы ТЖ бөлімі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*