Капитанның құрметіне – ескерткіш тақта

Қостанай облысы ТЖД «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Жітіқара қаласы №5 өрт сөндіру бөлімінің мәжіліс залында 2015 жылғы 9 қарашада Жітіқара қаласы Советская көшесі мекен жайындағы тұрғын үйде болған өртті сөндіру барысында өзінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде газ баллонның жарылуынан қаза болған №5 ӨСБ қарауыл бастығы, азаматтық қорғау капитаны Иманбаев Мақсұт Сансызбайұлына арналған естелік тақтаны салтанатты түрде ашу өткізілді.
Естелік тақтаның ашылу салтанатына М.Иманбаевтың отбасы мен туыстары, Жітіқара қаласы №5 Өрт сөндіру бөлімінің және Жітіқара ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері мен зейнеткерлері, «Қостанай минералдары» АҚ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің өкілдері, Жітіқара қаласы әскерилендірілген тауда құтқару пунктінің құтқарушылары қатысты. Кеште Мақсұт Иманбаевтың туған-туыстары, сондай-ақ, достары мен әріптестері оның отбасына осынау өмірден өткен жақсы адам туралы көптеген естелік және 2015 жылғы 8-нен 9 қарашаға қараған түні болған орны толмас қайғы туралы көптеген әңгіме айтылды. Естелік тақта ашылғаннан кейін Жітіқара қаласы №5 өрт сөндіру бөлімінің базасында өрт сөндірушілер және құтқарушылар арасында шағын футболдан турнир ұйымдастырылды, оның қорытындысы бойынша 3-орынды Жітіқара қаласы №5 ӨСБ командасы (ІІ құрам), 2-орынды «Қостанай минералдары» АҚ МЕӨҚҚ, ал 1-орынды №5 ӨСБ «Ардагерлер құрамы» және «Қостанай минералдары» АҚ иеленді. Турнир жеңімпаздары кубоктармен және мақтау қағаздарымен марапатталды, сондай-ақ, түрлі номинациялар бойынша («Үздік қорғаушы», «Үздік шабуылшы», «Үздік қақпашы», «Ең пайдалы ойыншы») наградтау өтті, бұл жерде де номинанттар құрқол жіберілген жоқ.Естелік тақтаның ашылуы және шағын футболдан турнирдің өтуі Мақсұт Иманбаевтың туған күнімен ұштастырылып өткізілді. 5 маусымыда ол тірі болса 47 жасқа толар еді …

Қостанай облысы ТЖД
«ӨС және АҚЖҚ» ММ №5 өрт сөндіру бөлімі
Жітіқара қаласы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*