Қасіретті ұмытпау қажет

P1050688_131 мамыр бар әлем халқы үшін жазықсыз қуғын-сүргінге ұшыраған ел азаматтарын еске алу күні болып есептеледі. Бұл күн – жыл сайын жалғасын тауып жататын өткен күндердің зұлматын еске түсіріп, сол жылдардың құрбандары туралы ұрпағына білгізіп отыратын күн.

Полиция қызметкерлерінің және Оқу орталығы тыңдаушыларының тарихи сезімін қалыптастыру және мәдениеттілік деңгейін арттыру, оларды тарихқа тарту – ІІМ Павлодар қаласындағы Оқу орталығы басшылығының басымды тәрбие бағыты. Саяси куғын-сүргін құрбандарын еске алу және аштық күніне орай идеологиялық және тәрбие жұмыстарын арттыру шеңберінде Оқу орталығының қызметкерлері мен тыңдаушылары Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайында өткен «Есімдер жадымызда!» атты еске алу кешіне қатысты. Онда саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары көзінің қарашығындай сақтаған құжаттармен танысты. Ресми мәлеметтерге сүйенсек, Павлодар облысы бойынша 4360 адам қуғын-сүргінге ұшыраған, НКВД үштігімен 2450 адам сотталған, ату жазасына 932 адам кесілді. 30-жылдардағы елімізде болған репрессиялар жайлы Кеңес кезінде ашық айтылмаған, 50-жылдардан бастап жазықсыз қудаланғандардың есімдері ақталып, ұрпақтарына әкелерінің ақ бейнелері қайта оралды. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін осы тақырып жөнінде мұражайда жаңа экспозициялар ашылды. Содан кейін Оқу орталығының қызметкерлері мен тыңдаушылары аштықтан қаза болғандардың және саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Адамзаттың басынан кешірген қасірет ұмыт болған жағдайда, оның уақыты өте қайталануы хақ. Бұл күн жазықсыз қуғын-сүргінге ұшараған аға ұрпақтарды еске алу күні, өскелең ұрпақ, еліміздің болашағы үшін мәңгілік есте ұстайтын, тарихи, ұмытылмайтын әрі рухани, мәдени жетуліге апаратын киелі күн. Тарих – өшпейтін із, бұрмаланбайтын жол. Ер есімі – ел есімде! Ежелгі ғұламалардың айтуынша, қасіретті ұмытса, ол қайталанады. Өйткені, еске алу біз үшін репрессия режимі құрбандары алдындағы міндетті атқару ғана емес, өткен қателіктерді қайталаудан сақтану үшін қажет.

Нұрлан АШЫҚБАЕВ, Павлодар қаласы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*