Құрмет пен парыз

DSC_0328Мемлекеттік рәміздер күніне орай ІІМ-де ішкі істер органдары қызметкерлерін, атап айтқанда, қатарға жаңа қосылған жас мамандарды патриотизмге тәрбиелеу, жеке құрам арасында құқықтық мәдениетті арттыру және мемлекеттік тәуелсіздікті нығайту мақсатында тағылымды кездесу ұйымдастырылды.
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу мен азаматтық қоғам қағидаттарын қалыптастыруды мақсат тұтқан шарада шарада еліміздің құндылықтары, принциптері, басымдықтары мен тарихи өмірі туралы баяндалды. Кездесуге кжиналған жеке құрамға еліміздің мемлекеттік рәміздерінің бекітілу тарихы мен мемлекеттік тілдің мәртебесі туралы жан-жақты ақпарат берілді. Ал, кездесуге мемлекеттік тілді насихаттап, ана тіліміздің дамуына өз үлестерін қосып жүрген «Қазақстан» телеарнасының жүргізушісі Ирина Тен, сондай-ақ, «Haileybury Astana» ағылшын мектебінің оқушылары – Шэрон НГ, Камилла Стайс пен Тараз Стайста арнайы шақырылды. Шара кезінде ойын ортаға салған тележүргізуші Ирина Тен: «Өзге ұлттың өкілі болсам да қазақ елін, қазақ тілін жанымдай сүйемін. Көп адамдар маған «корей қызына ұқсайсыз» деп жатады. Қазақша мүдірмей сөйлегендігімнен болар, біраз жұрт мені қазақ деп қабылдайды. Мен негізі қазақы қаймағы бұзылмаған Қызылорда облысының тумасымын. Қиындыққа толы жылдары ата-бабаларымызға қамқорлықпен қарап, мейірімі мен көмегін аямаған қазақ елін қастер тұтамын. Еліміздің мемлекеттік рәміздеріне де құрметпен қараймын», – деді. Кездесу барысында Ирина Тэн мен Қазақстанда қызмет атқаратын ағылшын мектебінің оқушылары Қазақстан Республикасының рәміздері туралы қазақ тілінде әңгімелеп қана қоймай, ән орындап, домбырада күй тартты.

Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*