Мерекелік жүлде

генерал Амантай АубакировХалықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында елордалық полиция қызметкерлері балалар мен жасөспірімдер арасында Ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіровтің сыйлығына шахматтан турнир өткізді.
Спорттық шара балалардың қол күресі, кір тасын көтеру және шахматпен айналысуына мүмкіндік беретін «Асар» аула клубының қабырғасында бірнеше жылдан бері ұйымдастырылып келеді. «Шапшаңдыққа, тиянақтылық пен жігерлілікке баулитын мұндай шаралар өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеп, саламатты өмір салтын ұстануға бағыттайды», – деді шараны алғысөзімен ашқан Амантай Акрамұлы. Жеңімпаз атағына қаланың 9 мектебінен келген 50-ге жуық қатысушы 12-жасқа дейінгі және 12 жастан асқандар санаты бойынша сынға түсті. Швейцариялық жүйе бойынша өткен сайыс 3 турдан тұрды. Күрделі әрі шиеленіскен күресте шахмат турнирінің жеңімпазын анықтау қазылар алқасына да оңайға түспеді. 12 жастан жоғары санаты бойынша 1-орынды №28 мектеп оқушысы Арыстан Ильясов жеңіп алса, екінші орынға №62 мектеп оқушысы Бақтияр Досмағанбетов тұрақтады. Ал, үшінші орын №22 мектеп оқушысы Виталий Савостьяновқа бұйырды. 12 жасқа дейінгі санат бойынша орындар №70 және №54 орта мектеп оқушыларының арасында сарапқа салынды. Бірінші орынды №54 мектеп-лицейінің оқушысы Нөгербек Қазыбек қанжығасына байласа, екінші орынды №70 мектеп-лицейінің оқушысы Аңсат Алдияр қанағат тұтты. Үшінші орынды №70 мектеп-лицейінің оқушысы Аңсат Әбілмансұр иеленді.
Сонымен қатар, «Жеңіске деген ұмтылысы үшін» аталымын №4 мектеп оқушысы Нұрайым Сардар жеңіп алса, «Ең кішкентай қатысушы» аталымына №73 мектеп оқушысы Дарын Исмағұлов лайық деп танылды. Сайыс қортындылары бойынша бағалы сыйлықтар мен медальдарды турнирдің қадірлі қонағы болған шахматтан әлем чемпионы Дармен Сәдуақасов пен полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров табыс етті.

Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*