Басқы бет / «Сақшы» газеті / «Қорған Қазатомөнеркәсіп»: 10 жылдық белес

«Қорған Қазатомөнеркәсіп»: 10 жылдық белес

Шиели Корган«Қазатомөнеркәсіп» кеніштеріне қорған болсын, отандық уран өнеркәсібінің бар игілігін көз қарашығындай сақтасын деген мақсатпен құрылған «Қорған-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС жуырда 10 жылдық мерейтойын тойлап, бір белесті артқа тастады. Мерейтойдың үлкен-кішісі болмайды және ол жоқ-барды түгендеуге, алдағы межені айқындауға жетелейді.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ Директорлар кеңесінің 2006 жылғы 27 қаңтардағы №1 қаулысымен құрылған «Қорған-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС сол жылғы 2 наурызда мемлекеттік тіркеуден өткен. Жалғыз құрылтайшысы «Қазатомөнеркәсіптің» өзі болғандықтан серіктестік тек ұлттық атом компаниясына қарасты кәсіпорындардың нысандарын, мүліктерін және қызметкерлерін қорғау бойынша күзет қызметін көрсетеді. Алғаш құрылғанда күзет компаниясының орталық аппаратында 14 адам ғана болып, аймақтарда 5 күзет жасағы жұмыс істеді. Өткен он жыл ішінде жалпы қызметкерлер саны 1100-ден асып, «Қазатомөнеркәсіп» жұмыс жүргізетін өңірлерде орналасқан 4 филиалдағы 5 күзет жасағының жұмысы сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтерілді. «Қорған-Қазатомөнеркәсіп» бастапқыда тек күзет қызметін көрсетумен шектелген болса, 2010 жылдан бастап қауіпті жүктерді, жарылғыш материалдары алып жүру бағытындағы қызметін ұсына бастады. Ел байлығы – кеніш орындарына қорған болар қызметкерлерге жүктелер жауапкершілік жоғары екені анық. Жұмысқа қабылдауда болашақ күзетшілерге жоғары талап қойылып, бірнеше дүркін іріктеуден өтеді. Күзет те қызмет көрсету түріне жататындықтан, мамандарды іріктеудің өз ерекшелігі бар. Жергілікті тұрғындарға, әскери қызметте болғандарға және құқық қорғау органдарының ардагерлеріне басымдық беріледі. Әуелі үміткерлермен сұхбат жүргізіліп, ҚР «Күзет қызметі туралы» заңына сәйкес тиісті құжаттар жиналады. Сотты болғандар, мемлекеттік, әскери қызметтен, құқық қорғау және әділет органдарынан «қуылғандар» жұмысқа қабылданбайды. Әрине, ішімдікке, нашақорлыққа бейімі бар немесе денсаулығында кінәраты бар адамдарға да орын жоқ. Сондай-ақ, үміткерлерді іріктеуде жергілікті учаскелік инспектордың пікірі де ескеріледі. Қызметкерлеріміз түрлі климаттық қиыншылықтар, ауа райының жайсыздығы және айдаладағы жалғыздық жағдайында да өз борыштарын мүлтіксіз атқарып келеді. Өз кезегінде басшылық та оларды ынталандыруды, үздіктерді марапаттауды ұмытқан емес.«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ құрылтайшы ретінде серіктестікті назардан тыс қалдырған емес. Міне, 10 жылдық мерекеге байланысты да серіктестік ұжымын құттықтап, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ Басқарма төрағасы А.Жұмағалиевтің қолы қойылған 5 құрмет грамотасын, 6 алғыс хатын қызметкерлерге салтанатты жиналыста төраға атынан «Қазатомөнеркәсіп» ҰАҚ АҚ Мемлекеттік құпияны қорғау және қауіпсіздік департаментінің директоры Ж.Өмірбеков мырза табыс етті. Қазақстанның ядролық қоғамы ассоциациясының президенті В.Школьниктің «Қазақстан Республикасы атом саласының еңбек қайраткері» төс белгісімен 5 қызметкер, Құрмет грамотасымен 5 қызметкер, Күзет қоғамы ассоциациясы өз тарапынан 10 қызметкерді Құрмет грамотасымен марапаттады.
«Қорған-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-ның құрылымдық бөлімдері мен филиалдар қызметкерлері 10 жылдық мерекеге орай төмендегіше марапатталды: «Үздік қарауыл бастығы» аталымы бойынша «Шиелі-Қорған-Қазатомөнеркәсіп» филиалының 1 қарауыл басшысы, «Таукент Қ-Қ» филиалынан 3 қарауыл бастығы, «Степной Қ-Қ» филиалынан 2 қарауыл бастығы, Алматы бөлімінен 3 қарауыл бастығы, «Үздік күзетші» аталымы бойынша «Шиелі Қ-Қ» филиалының 7 күзетшісі, «Таукент Қ-Қ» филиалынан 16 күзетші, «Степной Қ-Қ» филиалынан 18 күзетші, Алматы бөлімшесінен 6-күзетші, «Жедел әрекет тобының үздігі» атылымы бойынша «Шиелі Қ-Қ» филиалының 1 қызметкері, «Таукент Қ-Қ» филиалынан 2 қызметкер, «Степной Қ-Қ» филиалынан 3 қызметкер, Астана филиалынан 1 ЖӘТ күзетшісі; «Үздік жүргізуші» аталымы бойынша 17 жүргізуші, «Құрылымдық бөлімнің үздік күзет ардагері» 13 ардагер, сондай-ақ , «Қорған-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС Бас директорының Құрмет грамотасымен жалпы филиалдар мен құрылымдық бөлімдер, орталық басқару аппаратынан 77 кызметкер марапатталды. Серіктестіктің 10 жылдық мерекесіне орай тапсырылған осындай сый-сияпат бүкіл қызметкерлер қауымын бұдан да үлкен жетістіктерге, бұдан да биік белестерді бағындыруға жетелейтіні анық.

Қазбек ӨСКЕНБАЕВ,
«Қорған-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС Ақпарат сақтау,
персоналмен жұмыс жасау және әлеуметтік тұрақтылық қызметінің бастығы

Сондай-ақ, оқыңыз

«Астана күні» аталып өтті

Астана күні – республикамызда тұңғыш рет мемлекеттік мереке ретінде 2009 жылы тойланған болатын. Астананың 10 …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған