Ата-аналар да ақпараттандырылды

DSC_0020Өткен аптада Ішкі істер министрлігі мен Астана қаласың әкімдігінің тізе қосуымен елордадағы білім беру мектептерінің 9-11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған есірткіге қарсы акция өтті.
Бұған дейін мектеп оқушылары, университет және колледжі студенттері арасында өткізіліп келген акция бұл жолы ата-аналардың арасында жалғасын тапты. Себебі, ұйымдастырушылар жоғарғы сынып ата-аналарын балаларының есірткімен әуестенуінің алдын алуды ескертуді жөн көріпті. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттер үйінде өткен өткен акцияға ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаментінің бастығы, әділет генерал-майоры Сұлтан Құсетов қатысып, ата-аналарға ұл-қыздарын ндеттен қалай сақтау қажеттігі туралы құлаққағыс жасап, бұл бағытта ІІМ қолға алған нақты жұмыстарға тоқталып өтті. Айта кету керек, бұл акцияға 200-ге тарта ата-ана қатысты. Акцияға қатысқан ата-аналардың баланың тағдырына жауапты екендерін естеріне салды. Сондай-ақ, департамент бастығы ата-аналарды нашақорлықтың салдары, жас ағза үшін біржолғы есірткі тұтынудың қауіптілігі туралы ақпараттандырды. Акцияның көздеген мақсаты да – жастардың есірткіге қарсы назарын аудару, оны тұтынудан қорғау, саламатты өмір салтын ұстануға үгіттеу, ата-аналарды есірткі залалы туралы дер уақытында құлақтандыру, сондай-ақ, баланы нашақорлардың тобына тап болудан аулақ ету. Осы мақсатта ата-аналарға нашақорлықтың алғышарттары туралы да айтылды. Олар мамандардың құнды мағлұматтарын ұйып тындады. Жазғы демалыс уақытында баларына сақ қарап қатты көңіл бөлу керектігі туралы айтқан ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаментінің аға инспекторы, полиция майоры Риза Төлеубаева: «Баланы есірткіден сақтандыруға қатысты акцияға ата-аналардың қатыстырудың маңыздылығы зор. Ғасыр індетіне айналған қасіреттің алдын алуға бағытталған іс-шаралар Астана қаласының көптеген мектептерінде өтті. Аталған акция мектеп оқушылары, колледж студенттері, ата-аналардан бөлек, балалар үйінің тәрбиеленушілерін де қамтыды», – деді.  Полиция майорының сөзіне қарағанда, жасөспірімдер нашақорлығының төмендеу тенденциясы байқалады. Қазақстан тәуелсіздігін енді алған жылдары елімізде 50 мыңға тарта нашақор болса, соңғы 10 жылдың ішінде олардың саны 38 пайызға төмендеген.

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*