Хабардар болса, қамсыз болмайды

8Алматының жергілікті полициясы ақпараттық материалдармен «қаруланып», қолда бар парақшаларын тұрғындарға таратуда.
Қоғамды барлық жерде ақпараттандыру акциясын алғашқылардың бірі болып Түрксіб ауданындағы жергілікті полиция өкілдері қолдады. 2 мыңнан астам брошюра мен ескертпе дайындаған учаскелік инспекторлар бұл күндері адамдар көп жиналатын орындар мен ауданның көрікті жерлерін аралауда. «Хабардар, демек қамсыз емес». Осы қағидатты берік ұстанған тәртіп сақшылары жедел бөлімдерден алынған бұрынғы пәтер және қалта ұрыларының фотосуреттері жарияланған жинақты таратудың басты мақсаты да осы – халықты хабардар ету екенін айтуда. Бұл шара барысында азаматтарды өзекті мазмұндағы брошюралармен және ескертулермен ақпараттандыру жан-жақты қарастырылған. Осындай көлемдегі ақпараттық панно арқылы сақтандырылған халық «қалтақағарлардың» құрбанына айналмайды. Сонымен бірге, жинақта тәжірибелік кепілдемелер көрсетілген екі ескертпе бар. Онда автокөлік және қалта ұрыларынан заттарды қорғау жолы көрсетілген. Панноларда жергілікті және криминалды полициямен, сондай-ақ, ІІБ-ның кезекші бөлімімен қалай байланысу керектігі де кеңінен түсіндірілген.
Сондай-ақ, бұл жолы бөлімше қызметкерлері полицияның кешенді күштерінің ортақ жиынында А-4 форматындағы өздерінің «таныстыру кәртішкелерін» алды. Ол парақшалар да тиісті орындарға ілінуде. Онда қызметтік ақпараттар мен ұялы телефон нөмірлері көрсетілген», – дейді Түрксіб аудандық ІІБ Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция капитаны Фархат Сыбанбаев. Ақпараттық науқанды ұйымдастырушылар қылмыспен күресуде мұндай тәсілдің өте тиімді екеніне сенімді. Әрі жаңа ақпараттық технологиялардың интенсивті дамуы ескерілген.
«Ішкі істер органдарының да уақытпен тең екендігін айта кетуді жөн көріп отырмын. Мұндай түсінік жұмыстары азаматтар үшін, баяндамалардан гөрі, жеңіл қабылданады. Оның үстіне әр материал мазмұнды, онда жақсы кеңестер мен байланыс ақпараттары бар. Болашақта қылмыстың алдын алудың жаңа формалары мен тәсілдерін тәжірибеге енгізу қарастырылады. Мұндай кез келген жаңалықтар мен әдістердің алдымен ерекшелігі ескеріліп, Алматы қаласында қолданылады». Тиімділігі дәлелденген жағдайда жаңа тәсілдер қолданысқа енеді және одан әрі жетілдіріледі», – деп атап көрсетті Алматы қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция подполковнигі Жасұлан Байкенов.

Гүлнәр ЖАМАНҚҰЛОВА, Алматы қаласы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*