Үлкенге құрмет

20151001_113637_001Наурыз – көктемнің басты мейрамы, табиғаттын жаңаруы, жаңа өмірдің, жаңа жылдың бастамасы. Жерге мейіріммен жарықтың келу күні. Осындай күнде аға буын өкілдері – құрметті ардагерлер сый-құрметтен де, назардан да тыс қалмауы тиіс.
Наурыз мейрамында Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагерлері Халилулла Дармаханов пен Әбдікерім Жолдасовтың қара шаңырағына арнайы барып, ақсақалдардың жай-күйлерімен танысып, көмек қолдарын созды. Көктемнің шуақты мерекесімен қарттарды құттықтаған қызметкерлер қариялардың әңгімесін тыңдап, ұлағатты өсиеттеріне құлақ түрді. Тыл еңбеккерлері – Ольга Неплюева мен Мадияр Калдыбеков те ілтипатсыз қалған жоқ. Сұрапыл соғыс жылдарын бастарынан өткеріп, бейбіт заманда тілсіз жаумен арпалысқан қос қария – Халилулла Дармаханұлы, Әбдікерім Жолдасұлы Ұлыстың ұлы күні ғана емес, әр мереке сайын ұмыт қалдырмай, амандықтарын біліп, көмектерін аямай келе жатқан департамент басшылығы мен қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп, жауапты жұмыстарына абырой-бедел тіледі. Азаматтық қорғау қызметінің арқалаған ауыр жүгін жақсы білетін ардагерлер мамандарға ақ батасын беріп, бұл жолы ашық хаттар, азық-түлікке толы сөмкелері мен ақшалай сылықтарын ала келген ТЖД қызметкерлеріне өткен өмірлерін әдемі әңгімелеп берді. «Наурыз – жердегі барлық адамдардың және табиғаттың тұтастық мерекесі, үйлесіммен, жарық және мейрімнің мерекесі. Сол үшін осы керемет көктем күндерінде тағы да біздің құрметті ардагерлерге мықты денсаулық, амандық пен бейбіт аспан тілегіміз келеді», – дейді қайырымдылық шарасына ұйытқы болған Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері.

Н.ТҰРАБЕКОВА, Жамбыл облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*