Қоржынымызда – бес алтын

IMG_9436Солтүстік Ирландияның астанасы Белфаст қаласында өткен 15-ші бүкіл әлемдік полицейлер мен өрт сөндірушілердің бүкіл әлемдік ойындары 10 тамыз күні аяқталды. Бес спортшы-полиция қызметкерінен тұратын Қазақстан құрамасы бұл халықаралық жарыста 13 медальды(5 алтын, 3 күміс және 5 қола) еншіледі.
Әлемнің бірнеше дүркін чемпионы үш жарыста да жеңіске жетті. Асқар Жандаровтың қарсыластары Үндістан, АҚШ пен Норвегиядан келген балуандар болды. Бұл Ойындарда біздің атлетіміздің грек-рим күресіндегі «алтын» алғашқы емес. Күні кеше ғана дзюдо күресінде «қола» алқа иегері болған. Екінші палуанымыз Талғат Қожабаев дзюдо күресінде түйе палуан атанып, алтын алқаны иеленді. Бұл кездесуде 73 келеден жоғары балуандар бәсекеге түсті. Ақтық сында АҚШ палуанымен күрескен біздің жерлесіміз таза жеңіспен айқын түсті. Асқар Жандаров – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, полиция подполковнигі. Шымкент қаласында ҚР Премьер-министрі кеңсесінің мемлекеттік фельдгерстік қызметі басқармасының бастығы. Ал, Талғат Қожабаев – полици майоры, Астана қалалық Ішкі істер департаментінің Жол полициясы басқармасының аға инспекторы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Жандаров және Қожабаевтың жеңісі полиция қызметкерлері мен өрт сөндірушілердің XV Бүкіләлемдік Ойындарындағы қазақстандық құрама қоржынына бесінші алтын алқа әкелді.
Мұның алдында Солтүстік Ирландияда өтіп жатқан XV Дүниежүзілік полицейлер және өрт сөндірушілер ойындарында құрама капитаны Серік Нұрғалиев команда қоржынына қос алтын салған болатын. Бенчпресс және пушпуллифтинг спорт түрлерінен ІІМ қызметкері, полиция подполковнигі Серік Нұрғалиев үздік нәтижеге қол жеткізіп, екі рет жеңіс тұғырына көтерілді. Таяуда жаттығу кезінде спортшы аяғынан ауыр жарақат алған, алайда, соған қарамастан жарысқа қатысып, білектілігін тағы бір мәрте дәлелдеп берген Серік Нұрғалиев – ең атақты полицей-атлеттердің бірі. Полиция подполковнигі республиканың еңбек сіңірген спорт шебері, құқық қорғау органдары арасында әлемнің он дүркін чемпионы және рекордшысы, Еуропа чемпионы болып табылады. Күш құрылымдары арасындағы әлем біріншіліктерінде Серік Нұрғалиев 29 алтын, 6 күміс және 2 қола жүлде иеленген. XV Дүниежүзілік полицейлер және өрт сөндірушілер ойындары Белфастта (Солтүстік Ирландия) қаласында өтті. Іс-шараға 70-тен астам елден 20 мыңнан астам шақырылған қонақтар, соның ішінде, құқық қорғау органдарының шамамен 10 мың қызметкері қатысты. Естеріңізде болса, алғашқы алтын медальды Солтүстік Ирландияда болған дүбірлі додада Шығыс Қазақстанның балуаны Асхат Елубаев жеңіп алған болатын. 25 жастағы Шығыс Қазақстан облыстық ІІД «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлім инспекторы 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күресіп, мықтылығын танытқан еді. Ақтық жекпе-жекте Асхат Елубаев румын балуанымен кездескен болатын. Грек-рим күресінде 120 келіде белдескен Асқар Жандаров үш қарсыласынан айласын асырды. Ал, дзюдода сынға түскен Талғат Қошабаев татами шебері екенін дәлелдеді. Астаналық жол полициясының инспекторы бұған дейін дзюдодан күміс жүлдегер атанған болатын. Келесі ойындар 2015 жылы Вашингтонда (АҚШ) өтеді.

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*