Бірлескен істің берекесі бар

статья взаимодействие на гос яз (1)Пробация қызметі атқаратын жұмыстардың басты мақсатттарының бірі – есепете тұрған сотталғандардың қылмыстық іске қайта баруына жол бермеу. Осыған байланысты пробация қызметі жергілікті органдармен жан-жақты жұмыс атқаруда. Себебі, бірігіп атқарылған істің нәтижесі әр уақытта өз жемісін беретіні анық.
Қазіргі уақытта түрмеден босап шыққандар саны күн санап өсіп келеді. Бұл Қазақстан Республикасы Қылмыстық, Қылмыстық атқару кодекстеріне енгізілген көптеген өзгертулердің нәтижесі.
Пробация қызметінің қызметкерлері есепке алған әрбір сотталғанға, оның ішінде, нашақорлық пен есірткіге бейім адамдарға ерекше көңіл бөлінуде. Себебі, бұл қызмет соңғы уақытта түзеу мекемелерінен босап шыққан сотталғандарға тек әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетіп қоймай, оларға жергілікті мамандармен бірге психологиялық көмек берілуде. Сонымен қатар, бұл бағытта пробация қызметкерлері жергілікті Қостанай облысының тәжірибелі психологтар қауымдастығы және Қостанай облыстық наркологиялық диспансері өкілдерімен бірге жұмыс атқарып келеді. Мысалы, сотталғандарға пробация қызметкерлерімен бірге ай сайын жергілікті норколог дәрігер келіп, кездесіп, сұхбат беріп отырады. Өз кезегінде пробация қызметінің мамандары дәрігерлерге үкім немесе қаулыларға сәйкес нашақорлыққа және ішімдікке салынған адамдардың тізімін жолдап отырады. Мұндағы басты мақсат – өмірлерінде бір рет шалыс басқандардың қылмысқа қай бет бұрмауын қадағалау болып табылады.

М.ІСМҰРАТОВА

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*