Спортшыларымызға сәттілік тілейміз!

Казахстанская команда БелфастПолиция мен өрт сөндіру қызметкерлері арасындағы XV Әлемдік ойындары Солтүстік Ирландияның астанасы Белфаст қаласында 1 тамыз күні ашылғаны белгілі. Газетімізде екі жылда бір рет әлемнің түрлі қалаларында өткізілетін беделді халықаралық сайысқа Қазақстан құрамасы да қатысып жатқанын бұдан бұрын хабарлағанбыз. Дүбірлі доданың салтанатты ашылу рәсімінде еліміздің туын ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, полиция подполковнигі, команда капитаны Серік Нұрғалиев көтеріп жүрді.
Ол тоғыз мәрте Әлем чемпионы, құқық қорғау органдары арасында Еуропа чемпионы және күш құрылымдарының әлемдік біріншіліктерінде 27 алтын, 6 күміс және 2 қола медальдің иегері. Дүбірлі додада ел абыройын, сондай-ақ, құқық қорғау органдары арасында 18 дүркін Әлем чемпионы, полиция подполковнигі Асқар Жандаров, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, күні кеше ғана полиция майоры шені берілген Астана қалалық ІІД ЖПБ жол полициясының аға инспекторы Талғат Қожабаев, сонымен қатар, ҚР спорт шебері, полиция аға лейтенанты Асхат Елубаев және полиция капитаны Абдусанат Шарафов қорғайтын болады. Полиция мен өрт сөндіру қызметкерлері арасындағы XV Әлемдік ойындарындағы алғашқы жекпе-жек бүгін өтеді. 100 келіден астам салмақ дәрежесі бойынша татамиге Асқар Жандаров пен Талғат Қожабаев шығады. 90 келі салмаққа дейінгі көрсеткіш бойынша Асхат Елубаев күш сынасады. Енді, міне, бүгін Серік Нұрғалиев (бенчпресс, пушпуллифтинг, армрестлинг) пен боксшы Абдулсанат Шарафов өз өнерін көрсетеді. Айтпақшы, әлем бойынша қаншама жанкүйер көз тігіп отырған жарысқа қатысып жатқан қазақстандық спортшыларға Еуразиялық банк демеушілік көрсетті. Естеріңізге сала кетейік, полиция мен өрт сөндіру қызметкерлері арасындағы XV Әлемдік ойындары 10 тамызға дейін жалғасады. Келесі дода 2015 жылы Вашингтон қаласында (АҚШ) өткізілу жоспарланған.
IMG_8969Бет қатталып жатқанда
Солтүстік Ирландиядан команда капитаны Серік Нұрғалиев бізге жағымды жаңалық жеткізді. Әлемдік додада ІІМ құрама командасы алғашқы медальдарға қол жеткізіпті. Дзюдошылар арасында өткен сайыста команда қоржынына күміс жүлдені Астана қалалық ІІД ЖПБ қызметкері, полиция капитаны Талғат Қожабаев салды. Ол белдесуде Грузия елінен келген палуаннан қапы қалды. Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД қызметкері, полиция подполковнигі Асқар Жандаров 3-орынға таласқан Ұлыбритания спортшысын таза жеңіп, қола жүлдеге ие болды.

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*