Күзет сақшылары күш сынасты

Кузет Кызылорда спорт  (4)Қызылорда облысындағы «Динамо» спорт кешенінде Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы қызметкерлерінің арасында волейболдан жарыс өтті. Спорттық іс-шараға барлығы 7 команда қатысты.
Жарыс кезінде Қызылорда облысы МКҚБ аппаратына «Арлан», Қызылорда облысы МКҚБ полиция батальонына «Қайрат», Қызылорда облысы МКҚБ полиция батальонына «Бүркіт», Арал аудандық полиция взводына «Қыран», Шиелі, Жаңақорған аудандық полиция взводтарына «Мерген», Жалағаш, Сырдария, Қармақшы, Байқоңыр аудандық полиция взводтарына «Қайсар», Қазалы аудандық полиция взводына «Барыс» деген командалық атаулар берілді. Спорттық іс-шараны МКҚБ бастығының орынбасары, полиция капитаны Серік Әбубәкіров сөз сөйлеп ашып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Спорттық шара шымылдығын «Астана» атты әнін нақышына келтіріп орындаумен ашқан Қызылорда облысы МКҚБ полиция батальонының полиция қызметкері Кузет Кызылорда спорт  (3)Ермек Әбуов жиналған жанкүйерлерді бір серпілтіп тастады. Сайыс кезінде командалар жақсы ойын көрсетіп, 1-орынды Қызылорда облысы МКҚБ полиция батальонының «Бүркіт» командасы жеңіп алды. 2-орынға МКҚБ-ның «Қайрат» командасы көтерілсе, 3-орынды Арал қаласында орналасқан полиция взводының «Қыран» командасы қанағат тұтты. Арал аудандық полиция взводының полицейі, полиция кіші сержанты Данияр Серікбаев «Үздік шабуылшы» атанса, Қармақшы және Байқоңыр қаласының полицейі, полиция кіші сержанты Ермек Мұхашов «Үздік тосқауылшы» номинациясына ие болды. Сондай-ақ, Қазалы аудандық полиция взводының полицейі, полиция сержанты Ербол Жайкеев («Үздік байланыстырушы»), Қызылорда облысы МКҚБ полиция батальонының полиция аға сержанты Жасұлан Бексейітов («Үздік ойыншы»), Қызылорда облысы МКҚБ кезекші бөлімі кезекші инспекторының көмекшісі, полиция старшинасы Асылбек Жұмаділдаев («Ең жасы үлкен ойыншы»), Қызылорда облысы МКҚБ полиция батальонының командирі, полиция подполковнигі Мұрат Қалдаров («Үздік төреші») та жекелеген номинациялар бойынша марапатталды. Жеңімпаз команда спортшыларына грамоталар, кубоктар, бағалы сыйлықтар, ал өзге команда ойыншыларына көтермелеу сыйлықтары тапсырылды. Ал полиция аға лейтенанты Эльвира Күлекешова спорттық шараны ұйымдастыруда белсенділік танытқаны үшін жекелей сыйлықпен марапатталды.

Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*