Бауыржан Нұрымбетов:Полиция – қауіпсіздігіміздің кепілі

KNK_0063 копия копия7Бауыржан Нұрымбетов – «Шабыт» халықаралық фестивалінің дипломанты, «Жас қанат» республикалық байқауының дипломанты, «Шабыт» халықаралық фестивалінің ІІ орын иегері, «Шіркін life 2» тележобаның жеңімпазы, «Sarandev» Европалық жастар байқауының І орын иегері, «Восточный базар» халықаралық байқауының лауреаты, «ҚР ішкі әскерлерінің 20 жылдығы» алқа иегері, Ішкі істер министрлігінің Ән-би ансамблінің әншісі, актер Бауыржан Нұрымбетов өзінің сырлы сұхбатымен бөліскен еді.

Бауыржан, бір сұхбатыңызда «өнер жолын мектеп қабырғасынан емес, Астана қаласымен бірге жетілдіріп келемін» деген едіңіз?
– Көптеген белгілі әншілердің сөзіне қарасам, олардың басым бөлігі өнер жолына мектеп қабырғасында жүрген кезден-ақ, бейім болып байқауларға қатысқандарын мақтанышпен айтып жатады. Мен өзім Шымкент қаласының тумасымын, біздің ауылда өзбек ұлттары өте көп тұрады. Олардың даусы жіңішке әрі әнге бейім болып келеді. Ал, мен балалық шағымда көптеген эстрада әндерін үйде немесе аулада айтып жүретінмін. Айнаның алдына тұрып «Сіздердің алдарыңызда белгілі әнші Бауыржан Нұрымбетов» деп өзімді таныстыратынмын. Мені осы балалық арманым, есейіп мектеп бітірген кезде музыка колледжіне оқуға тапсыруға үлкен септігін тигізді десем болады. Өзім эстрада әндерін тыңдағанды ұнататынмын. Бірақ, мен колледжге «классикалық опера вокалына» түстім. Әрине, алғашқы кезде өзімнің осы мамандықты таңдағаныма өкіндім. Ал, білім ала келе өнер иесі үшін «опера вокалы» өте қажет екенін түсіндім. Осы оқу орнында алған білімім менің шығармашылық тәжірибемді шыңдай түстті десем артық айтқандығым емес. Көптеген байқауларға қатысып жеңімпаз атануыма ұлкен үлес қосты. Өнерім арқылы өзге мемлекеттерде өзімнің қол таңбамды қалдырдым. Қазақ әндерінің құдіретінің кереметтігін, ән орындау шеберлігімнің арқасында дәлелдедім деп айта аламын. 2005 жылы «Жас қанат» байқауында, 2008 жылы ХІ Халықаралық «Шабыт» шығармашылық жастар фестивалі аясында өткізілген эстрадалық вокал номинациясы бойынша, 2009 жылы Еуропалық жастар Поп-рок номинациясы бойынша 2010 жылы «Шығыс базары» байқауларына қатыстып Лауреат атандым. Ақтөбе қаласында өткен Халықаралық конкурста ІІІ орын алдым.
Конкрус демекші, осы байқаулар әділ өтіп жүр ме немесе қазақшылыққа салынып кететін кезі бола ма?
– Мен «Шабыт» байқауына екі рет қатысқанмын. Алғаш рет 2004 жылы қатысып, финалға дейін жеткемін. Дипломант атандым. Үш күнге созылатын байқау. Бірінші күні сексенінші жылдардардағы қазақ композиторларының әні, екіншісі еркін тақырыптағы ән. Үшінші күні алғашқы екі күндегі әннің бірін айтасын. Шынымды айтсам бірінші рет қатысқанымда «Шабыттан» көңілім қалған. Арада бес алты жыл өтіп 2008 жылы екінші рет қатыстым. Қателеспеген секілдімін, бұл жолы екінші орынды иелендім. Менімен бірге алматылық «Melo’men» тобы да жүлдегер болды. Ал, бас жүлдеге қырғызстандық әнші ие болды. Оны бас жүлдеге лайық болды деп айта алмаймын. Орындаған әні мүлдем байқаудың әні емес. «Орда» тобының бір әнін айтып шықты. Одан қалса қазылар алқасының төрағасы да айырқалпақтылар елінен болды. Ол кісі қатарынан үш жыл төраға болды. Және бас жүлдені иемденген қырғыз әншісіне емес, бірінші орын иегеріне де емес екінші орын алған маған ғана шетелдік байқауға жолдама берді. Егер қырғыз әншісі мықты болса соған бермес пе еді. Ұйымдастырушылардың берген жолдамасы Болгариядағы «Сарандев» халықаралық байқауы болатын. Ол жерден бірінші орынды жеңіп алдым.
Бауыржан, сонда қазақ жерінде өтетін Халықаралық байқаудың кемшілігі басым ба?
– Әрине, Халықаралық байқау талапқа сай болуы қажет. «Шабыттың» кемші тұстарын айтар болсам, ұсыныс хат жазған әншілердің бәрін қатыстыра береді. Оның дайындығы жақсы ма жоқ па қызығы жоқ. Мен қатысқан жылдары жүзден астам әнші болды. Ұйымдастыру алқасы мүлдем дұрыс жұмыс істемейді. Аты халықаралық болғанымен заты облыстық байқауға татымайды. Өзбекстаннан, Қырғызстаннан анда санда Ресейден қатысушылар келіп қалады. Қалғандары өзімізден. Халықаралық байқау болса біздің елімізден ең көп дегенде үш адам қатысуы тиіс. Іріктеу жүргізілмейді. Бір жүйе жоқ. «Шабытта» 2007 жылы өзбектер алған орындарына риза болмай, айқай шу көтерген. Бірақ мойындау керек деңгейлері өте жоғары болды. Және олар сендерде бәрі ақшамен шешіледі екен деп ренжіп кетті. Және әлі күнге дейін өзағаларымыз әнші жібере қойған жоқ. Меніңше бұл байқау әкімнің алдында есеп беру, жоспарды орындау үшін өткізіліп жүр.
Қазіргі таңда сахына төрінде жүрген саны көп, бірақ сапасы аз әншілеріміз қаптап кеткені дүйім елге белгілі. Десек те, осындай олқылықтың орын алуына не себеп болып отыр?
– Әрине, сұрағыңыз өте орынды. Мен аттарын тізіп атапай-ақ қоясам да белгілі. Қазіргі таңда әншілеріміз көбейді. Ол бізді қуантатын жағдай. Бірақ, киелі сахынаға шығып баяғыда жазып алған әннін тек аузын жыбырлату арқылы орындайтын әнші сымақтарға қарап көңілім құлазиды. Бір әнді жаздырып, оған бейне баян түсіргеннің барлығы әнші емес. Кәсіби әнші болу үшін, алдымен білім керек. Әншілік өнер де көп ізденісті және де үлкен еңбекті талап етеді. Бойыңда дарын мен таудай талап болмаса, сахынаға шығып қанша айқайлағаныңмен де әнші болып шыға келмейсің. Қазіргі біздің қоғамдағы болып жатқан бұл құбылыстар өткіншіті нәрсе. Уақыт өте халық нағыз өнер майталмандарын ғана тыңдайтын болады. Ал, мына жоғарыда айтылған, жолдан қосылған әнші сымақтар біртіндеп ысырылып шетке шығып қала береді. Мен өзім өнер саласынның білімімен сусындамаған әншіні, нағыз әнші деп есептемейиін.
Сөзіңізге қарағанда, көп әншілер секілді менмендік танытып, кеуде қағып тұрғаныңызды байқамадым. Соған қарағанда, қарапайымдылыққа жақын көрінесіз. Бұл ұстанған мінез шығармашылығыңызға кері әсерін тигізеді деп ойламайсыз ба?
– Кері әсерін тигізеді деп ойламаймын. Күн сайын экраннан жылтыңдап шыға бергеннен гөрі тыңдарманды сағындырып, Бауыржан қайда жүр екен дегізіп шыққан дұрыс болар…Бұл ұстаным да қажет сияқты. Бір клип шығарып, жұлдыз болып шыға келгендерді өзім түсінбеймін. Әрине, өнерге алғаш қадам басқан кезде, басында бәрі де қиын болады. Бұрын соңды ондай әнші сымақтарды халық саусағымен көрсетіп жатса, қынжылатынмынбыз. Ал, қазір оған етіміз үйреніп кеткендей. Сондықтан да, мен бейне клипты асықпай, тыңдарманның көңілінен шығатындай етіп түсіргім келеді. Азын-аулақ көрермендерге танымал болған бейне клиптарым да бар. Бірақ, оларды тыңдарманға қайта-қайта ұсына бергеннен ешқандай да нәтиже шықпайды. Мен өз тыңдарманыма тосын сый жасауды жоспарлап жүрмін.
Әнші әрі актерсіз. Осы екі мамандықтың қайсысы жаныңызға жақын?
– Әншілік өнер – менің әкем болса, ал актерлігім –анам болып саналады. Сондықтан да мен екеуін
де бөліп жарып қарамаймын. Керсінше, бұл екі өнер менің шығармашылығымның шыңдалуына үлкен септігін тигізуде. 2007 жылыдан бері «Жастар» театрында еңбек етіп келемін. Менің ойымша, бұл екі өнерді бөліп- жарудың қажеті жоқ. Актерлік өнер менің сахынада ән айту шеберлігімді шыңдап келеді. Сондықтан да, олар бір-бірімен тығыз байланысты. Әншілік өнер қазіргі таңда табыс көзіне айналып отыр. Оны жасырып қайтеміз. Қазақ тойының гүліміз деп айтсам артық айтқандығым емес. Ән өнері – әншіні танымалдылыққа алып келеді. Ал, танымалдылық бүгінгі күннің өнер жұлдыздарына өте қажет нәрсе. Театрға келер босақ, оның жайын сөзбен айтып жеткізу мүмкін болмас. Театр үлкен ізденісті талап етеді. Өйткені, образ сомдау — қарапайым дүние емес, ерінбей еңбек етіп, сол рөльді көрерменге шынайы қалыпта жеткізе білу керек. Әртістік — жанның нәзіктігін, асқан шеберлікті, терең эмоцияны, бүкіл жан-тәніңмен беріліп жұмыс жасауды талап ететін күрделі өнер . Бірде жылатады, бірде күлдіреді. Сондықтан актерлікті өз басым жоғары бағалаймын. Бірақ енді мұнымен әншілікті екінші орынға қоямын демеймін. Сонда да әншіліктен қарағанда, актердің бейнеті басым, талабы да биіктеу.
Қазақ сахнасында біз өзіміздің дәстүрлі әніміздің нақышын жоғалтып алғандаймыз… Халық әндерін дәріптеуден гөрі, шетелдің әншілеріне еліктеп, солардың әндерін сахынаға шығаруға бейім болып кеткендей?
– Әрине, дәстүрлі әнімізді жоғалтпауымыз керек. Шете елге гастрольдық сапарға барған кезде, ол мемлекетке өзіміздің әнімізді ұсынуға тырасым. Дегенмен де, біз тек дәстүрлі әнді ғана орындап, осы төңірекке шектеліп қалмауымыз қажет. Өзге мемлекеттерге біз де олардың әндерін нақышын келтіре отырып орындайтынымызды көрсетуге тырысқанымыз абзал. «Елу жылда ел жаңа» демекші, біз халық әндерін заман талабына сай етіп өңдеп, оның жаңа қырын тыңдарманға жеткізе білсек нұр үстіне нұр болар еді.
Өзіңіздің отбасыңыз жайында айта өтсеңіз?
– Біз отбасымызда тоғыз баламыз. Аллаға шүкір бауырға бай жанмын. Олар мені әрдайым қолдап, маған қанат бітіріп отырады. Бауырларымның қамқорлығына дән ризамын. Ал, енді жеке өміріме келер болсам, бойдақпын. Мені түсінетін инабатты, ибалы қазақ қызына үйленсем деген ойым бар. Әрине, оның бәрі де уақыт еншісінде.
Бауыржан, сіздің өнеріңізді тамашалап жүрген, сонымен қатар біраз жылдан бері әріптес болып келе жатқан полиция қызметкерлерінің еңбегі жайында сөз қозғасаңыз?
– Менің ішкі істер министрлігінің Ән-би ансамбілінде өнер көрсетіп келе жатқаныма біраз уақыт болды. Полиция қызметкерлерінің әрбір мерекесінде ән айтып келемін. Көшеде көріп қалған қызметкерлер бірден таниды. Мені танып, менің өнерімді бағаландарына алғысым шексіз. Бейбіт өмірде бақытты өмір кешіп келе жатқан халықтың тыныштығын сақтап келе жатқан сақшыларымызды Конституция күнімен құттықтаймын! Бұл мамандар бар кезде өміріміздің қауіпсіздігіне кәміл сенеміз. Өзінің өмірін қауіп-қатерге тігіп еліміздің, халқымыздың қауіпсіздігі үшін жанын беруге даяр тұрады. Қаншама қазақтың арыстай азаматтары террористердің әрекетінен көз жұмды. Ол өзінің өмірін емес, халықты құтқарамын деп құрбан болды.

Раушан ПЕРНЕХАНҚЫЗЫ

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*