Конституция – тұрақтылық кепілі

Кызылорда КУИСҚызылорда облысы бойынша ҚАЖД жеке құрам арасында «Ата Заң тұрақтылығы – ел тұрақтылығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелді ҚАЖД Кадр жұмысы тобының бас маманы, әділет майоры Азат Райысов ашып, ел басқарудың тамаша үлгілері біздің ата бабаларымызда да болғанын айта келе, қазақ тарихында «Қасқа жол», «Ескі жол», «Жеті жарғы» делінген заң үлгілерін еске сала кетті. Дөңгелек үстелге «Самұрық инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының директоры, заң ғылымдарының магистрі Жандос Тұсмағамбетов өз баяндамасында Ата Заңымызды бұлжытпай орындаудың нәтижесінде Отанымыздың бірлігі нығайып, елдеге тұрақтылық пен татулық орныққанына тоқталды. Жаңа Конституция қабылдау арқылы Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты. Әрбір қазақстандық келешекке керуен тартқан мемлекетіміздің тұрақты дамуының кепілі Конституциясының мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің жеке басы мен отбасы үшін де маңыздылығын терең түсінді. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Құқықтану кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты Ерлан Алтаев конституциялық заңдылық режімін қалыптастыру үшін қоғам мүшелерінің құқықтық мәдениетін, құқықтық санасын, құқықтық білім деңгейін көтерудің маңыздылығына тоқталып, республикамыздың әрбір азаматы Ата Заңымыздың мазмұнын жете біліп, оның талаптары мен қағидаларын мүлтіксіз сақтауға, мемлекеттік нышандарды құрметтеуге міндетті екендігін айтып кетті. Еліміздің тұрақтылығы мен гүлденуі – Ата Заңның орындалуында. Ата Заңымыз бізді қорғайды әрі қамқор болады. Мемлекетіміз бен қоғам тұрақтылығының, болашаққа деген сенімімен халқымыздың ауқатты тұрмысының, лайықты өмірінің кепілі – Ата Заңымыздың мерейі әрдайым үстем болсын!

М.ҚҰЛТАСОВА, Қызылорда облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*