Күзет қызметкерлері жүлдені қолдан бермеді

Атырау КАЖДАтырау облыстық Ішкі істер департаменті және жергілікті «Динамо» денешынықтыру және спорт қоғамы Атырау филиалы кеңесінің 2015 жылға арналған спорттық іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі күнтізбелік жоспарына сәйкес, жуырда Президенттік көпсайыс спортынан жарыс ұйымдастырылды. Оған Атырау облысының ішкі істер органдары қызметкерлері арасынан 11 команда қатысып, өзара бақ сынасты.
«Динамо» денешынықтыру және спорт қоғамының 90 жылдық мерекесіне орай ұйымдастырылған доданың ашылуына Атырау облыстық Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қандарбек Бақтыгереев құттықтау сөз сөйлеп, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сайыс ережесі бойынша команда құрамы 4 адамнан тұрды. Олардың жасы 25-30, 35, 40, 45 жаста болуы ескерілді. Сондай-ақ, спортшылар 4х100, 60-100-1000 метрлерге жүгіру, бір орында тұрып ұзындыққа секіру, граната лақтыру секілді сындардан өтті. Қай спорт түрі болмасын жүлдесіз оралмайтын Атырау облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері бұл жарыста да жүлдесіз оралмады. МКҚБ спорт «Динамо – 100 метрлік» эстафетасынан 1-орын, 100 метрлік және 1000 метрлік жүгіру сайысынан 1-полиция батальон командирінің орынбасары, полиция капитаны Н.Рахимов 1-орынға ие болды. Бір орында тұрып ұзындыққа секіруден 1-полиция батальонының полицейі, полиция аға сержанты Б.Қарабаев 2-орынға ие болды. Жалпы, көпсайыстың қорытындысы бойынша 11 команда арасынан Атырау облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы командалық есепте жеңістің екінші тұғырынан көрінді. Жеңімпаз командалар кубоктармен, медальдармен және грамоталармен марапатталды.

Қайыржан ДҮЙСЕНБАЕВ, Атырау облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*