Төтеншеліктер тартысқа түсті

ТотеншеликтерПетропавлдағы №4 орта мектептің жазғы стадионында Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД жеке құрамы арасында Қазақстан Республикасының Конституция күні мен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған жазғы спартакиаданың салтанатты ашылуы өтті.
Барлығы 7 команда бақ сынасқан жарыста ТЖД басқармалары мен бөлімдері, «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ, Жедел-құтқару жасағы, «Өрт сөндіруші» АҚ филиалы, өрт бөлімдерінің қызметкерлері футбол ойнап, арқан тартысып, шахматтан өзара бақ сынасты. Шарада Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД бастығының орынбасары, полковник Әсет Исмағұлов сөз сөйлеп, жарысқа қатысушылар алдында өрт сөндіруші және құтқарушы мамандықтарын дәріптеу үшін осындай шаралардың маңыздылығын атап өтіп, шараның ашылуымен құттықтады. Әсет Шалабайұлы ІІМ ТЖК жүйесінде денешынықтыру мәдениетін дамытудың қажеттілігін атап көрсетіп, қазіргі заманғы өрт сөндірушілер мен құтқарушылар алға ұмтылып, қиындықтарға төтеп беріп және қауіп-қатермен бетпе-бет келгенде тайсалмау керек екенін айтты. «Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы қарсаныңда осындай мәнді шараны ұйымдастырып отырмыз. Ата Заңымызда мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп жазылған. Яғни, мемлекет адамды қорғау, қауіпке тап болған жағдайда оның өмірін сақтауға міндетті. Сондықтан да еліміздің ұлттық қауіпсіздігінің тапсырмасына кіретін міндетті орындау – біздің парызымыз», – деді өз сөзінде Әсет Исмағұлов. Жарыс екі күнге жалғасады, сайыстың бірінші кезеңі футболдан басталса, екінші кезеңіңде қатысушыларды арқан тарту мен шахмат жарыстары күтіп тұр.

Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*