Басқы бет / «Сақшы» газеті / Рейд / Ереже түсіндірілді

Ереже түсіндірілді

Рейд СКОСолтүстік Қазақстан облысының су айдындарында Жедел құтқару жасағының қызметкерлері «Қазақстан-Петропавл» телеарнасы тілшілерімен бірге суға түсу қауіпсіздігі сақталуын қамтамасыз етуге байланысты кезекті рейд өткізді.

Рейд барысында 5 балықшы мен суға түсу тәртібін сақтамаған 15 адам анықталды.
Құтқарушыларды көптеген азаматтардың белгіленбеген жерлерде шомылатыны және суға түсу ережесін сақтамайтындары алаңдатып отыр. Тіпті, су жағасында демалушылар «Суға түсуге тыйым салынған» деген белгілерді де елемейді екен. Сондықтан да, құтқарушылар профилактикалық жұмыстар жүргізу кезінде қауіпті арықтарға түсуге болмайтынын және мұның арты қайғылы аяқталуы мүмкіндігін түсіндіріп бақты. Сонымен бірге, соңғы уақытта су айдындарында орын алған қайғылы жағдайлар жөнінде де хабардар етілді. Мұның барлығы суға шомылушылардың қауіпсіздік ережесін сақтап, арты қайғылы оқиғалардың алдын алулары мақсатында жасалды. Статистикаға сүйенсек, Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 28 адам суға кеткен, оның 12-сі бала. Жедел құтқару жасағының құтқарушылары 65 адамды судан құтқарып қалған. Оның ішінде 5-уі бала. Балалардың суға кетуі көбіне жауапкершілігі төмен ата-аналарының кінәсінен орын алып жатады. Рейд кезінде жедел құтқару жасағының қызметкерлері жағада демалушыларға тақырыптық қағаздар таратып, балықшыларға да қауіп-қатер жайлы ескертілді.

Гүлмира САЛЫҚОВА, Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД

Сондай-ақ, оқыңыз

Газды пайдаланудың түйінді мәселелері

Жамбыл облысы ТЖД базасында облыс әкімінің орынбасары Бекболат Орынбековтың төрағалығымен түрлі сипаттағы газ құрылғылары арқылы …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған