Күзет қызметкерлері қарсыластарын қапы қалдырды

футбол1Денешынықтыру даярлығы – ішкі істер органдары қызметкерлерінің әрекетіндегі негізгі шаралардың бірі. Ақмола облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері осы тұрғыда өздерінің дене дайындығы деңгейін үнемі арттыруды назардан тыс қалдырған емес. Апта сайын өтетін денешынықтыру сабақтарының арқасында олар саламатты өмір салтын насихаттап, өздерінің спорт шеберліктерін шыңдап келеді.
Таяуда Ақмола облыстық ІІД «Динамо» денешынықтыру-спорт қоғамының шаңғы базасында шағын футболдан Ақмола облыстық ІІД-нің турнирі өтті. Бұл жарысқа жергілікті ішкі істер органдарынан Есіл, Ерейментау, Егіндікөл, Жарқайың аудандық ІІБ командалары, Ақмола облыстық ІІД спортшылары мен Ақмола облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасынан барлығы 6 команда қатысып, өзара кім мықтыны анықтады. Қызықты әрі тартысты өткен жарыс нәтижесінде Ақмола облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының командасы қарсыластарын қапы қалдырып, жүлделі 1-орынды жеңіп алды. Қоржынға жүлде әкелген команданың құрамындағы полиция аға сержанты Е.Шамшұқов, полиция аға сержанты Р.Жұмалинов, полиция сержанты Д.Әлімов, полиция кіші сержанты С.Радченко, полиция аға сержанты М.Әбілдинов, полиция старшинасы А.Рахимов, полиция аға сержанты Д.Окапов, полиция сержанты Н.Мұстафин, полиция сержанты С.Қожахметов, полиция сержанты Б.Бәкиев және полиция аға лейтенанты Н.Әбішев грамота және кубокпен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

Айнұр БАЙЖҰМАНОВА, Ақмола облысы МКҚБ ММ

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*