Жігітке жеті өнер де аз

Жігіт сұлтаны СҚО бойынша ҚАЖД-2Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде «Жігітке жеті өнер де аз» атты Жігіт сұлтаны сайысы өтті. Жігіттеріміз өз өнерлерін көрсетіп қана қоймай, салт-дәстүрлерімізді, ұлттық ойындарымызды, сонымен қатар, біліктіліктерін, шеберліктерін көрсетті.
Сайыс шымылдығын ашқан Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы, әділет полковнигі Мағсұт Жолмағамбетов Жігіт сұлтаны сайысына қатысушы нар тұлғалы жігіттерімізге сәттіліктер тілеп, құттықтады.
Байқау 5 кезең бойынша өтті. «Таныстыру», «Сегіз қырлы, бір сырлы» кезеңінде жігіт сұлтанынан үміткер жігіттер өз өнерін көрсетсе, «Күш атасын танымас» кезеңінде кір тасын көтеріп, күш сынасты. Сондай-ақ «Кәсіпқой қызметкерде» Калашников автоматын санаулы уақытта жинап, «Ескірмейтін есті сөз» кезеңінде танымдық сұрақтарға жан-жақты жауаптар беруге тырысып бақты. Байқауда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің, ЕС-164/1,3,4,6,8,9 мекемелерінің жігіттері біліктіліктері мен білімдерін, күш-жігерлерін сынға салды. Ал сынаққа Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің басшылығы мен Ардагерлер кеңесінің төрағасы, «Нұр Отан» ХДП Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының мүшелерінен құралған қазылар алқасы төрелік етті. Сайыстың мақсаты – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаменті қызметкерлерінің патриоттық сезімін көтеру, ұлттық өнерді насихаттау, жастар арасынан өнерлі, білімді нағыз «жігіт сұлтаны» деген атқа лайықты қызметкерлерді насихаттау. Байқау өте қызықты өтті. Сайыс нәтижесінде Жігіт сұлтаны байқауының бас жүлдесін ЕС-164/4 мекемесі бастығының кезекші көмекшісінің орынбасары, әділет аға лейтенанты Асхат Жакенов қанжығасына байлады, ал 2-орынды ЕС-164/9 мекемесінің режим бөлімінің аға жедел уәкілі, әділет аға лейтенанты Азамат Байбосынов еншілесе, 3-орынды ЕС-164/1 мекемесінің бақылаушысы, әділет аға сержанты Сәбит Сыздықов иеленді. Сонымен қатар, «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесінің барысы» турында, «Ердің асылы күшімен білінеді» дегендей, жігіттер аттың үстінде аударысу, қазақша күрес, арқан тарту, күш сынасу номинациялары бойынша өз өнерлерін ортаға салды. Осы сындардан сүрінбей өтіп, «барыс» атағын ЕС-164/4 мекемесінің СЕҰТ инспекторы, әділет аға лейтенанты Ержан Даулетов жеңіп алды. ЕС-164/3 мекемесінің СаТЖБ жасақ бастығы, әділет капитаны Нариман Серіков те мықтылығын дәлелдеп шықты. Сайысқа қатысқан қызметкерлеріміз нағыз қазақ жігіттеріне сай тамаша өнер көрсетті. Жеңімпаздар сайыс соңында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы, әділет полковнигі Мағсұт Борамбайұлының атынан грамоталар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Нұрсұлу КӨБЕНОВА, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*