Шағымдар мен ұсыныстар назардан тыс қалмайды

Решать проблемы сообщаМемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы Жол» Жолдауында құқық қорғау органдарының қоғам алдындағы ашықтығын қамтамасыз ету маңыздылығы жөнінде атап өткен болатын. Осы міндетті жүзеге асыру аясында Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің Қоғамдық кеңесін төртінші жыл қатарынан басқарып келе жатқан Жасұлан Ахметов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, тұрғындардың қатысуымен жиналыстар өткізуде.
Осындай жиындардың бірі таяуда қаланың Бейбітшілік көшесі, 266 мекенжайындағы үй ауласында ұйымдастырылды. Бұған дейін тұрғындар жиналысы өткізіліп, олардың алдында қаладағы қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша учаскелік инспекторлар есеп беретіндігі жөнінде хабарландырулар ілінген болатын. Тұрғындар жиналысына облыстық ІІД Қоғамдық кеңесінің мүшелері алғаш рет қатысты. Қоғамдық кеңестің төрағасы осы округтен сайланған депутат болғандықтан тұрғындарды жиі мазалайтын негізгі мәселелердің денін жақсы біледі, жағдаймен таныс. Жасұлан Ахметов кездесудің мақсат-міндеттерін анықтап түсіндіріп берген соң, жиналыс іскерлік сипат алды. Ол құқық қорғау жүйесінің жұмысын демократияландыру мақсатында, полиция ведомствосында Қоғамдық кеңес құрылғандығы жөнінде баяндады. «Кеңес жұмысын бастағалы бері едәуір жұмыс атқарылды. Қоғамдық кеңестің мәжілістерінде тоқсанына бір рет барлық аудандардағы қоғамдық тәртіпті күшейту мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша департамент бөліністерінің жұмысына қатысты өзекті мәселелер қаралады. Облыстық ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов барлық аудандарда тұрғындармен кездесулер өткізді», – деп атап өтті Жасұлан Ахметов.
Бұл кездесулерде полиция жұмысы жайлы айтылып, қоғаммен өзара іс-қимыл жасау жолдары ұсынылды. Сонымен қатар, жиындарда учаскелік инспекторлар өз жұмысы туралы есеп берді. Бұл – тұрғындардың сенімін тудырып, қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша өзара іс-қимыл жасауға итермелейтін, құқық қорғау жүйесі қызметінің ашықтығы мен полиция жұмысының демократиялануына тағы бір қадамдардың бірі. Іскерлік сипат алған жиында шағымдар мен ұсыныстар да айтылды. Ең бастысы, осындай кездесулерде қарапайым халықтан көп байқалатын қобалжу болмайды. Тұрғындар кездесуге келген полицейлердің тек сөйлесуге және кеңесуге ғана емес, олардың көкейінде жүрген мәселелерін шешуге келгендерін түсінеді. Жиын соңында тұрғындардың тыныштығын қамтамасыз ету мен криминогендік жағдайды жақсартуға бағытталған алдын алу іс-шаралары жөнінде шешім қабылданды. Тұрғындар алкогольді жасырып сататын осы ауданның сауда орындарына жауаптылықты күшейту шаралары туралы өтініштерін де білдірді.
Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Сайлау Мусин бірнеше айдан соң тағы да жиналыс болатыны жөнінде кездесу қатысушыларын хабардар етті. Келесі кездесуде учаскелік инспекторлар шағын аудан тұрғындарының шағымдары мен ұсыныстарын назарға ала отырып, өз қызметтерінің барлық тармақтары бойынша есеп бермек. Тығыз қарым-қатынас жасай отырып, мәселелерді шешуге бағытталған осындай кездесу ұйымдастырғаны үшін тұрғындар депутат пен полицейлерге алғыстарын білдірді.

Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*