«Барымта» бәрін анықтайды

Заслон скотокрадам полицейские СКО проводят операцию «Барымта»Биыл 23 шілдеден бастап солтүстікқазақстандық полицейлер «Барымта» жедел алдын алу іс-шарасы аясында жұмыс істеуде. Операцияның басты мақсаты – мал ұрлығының алдын алу.
Таяуда Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері облыс орталығындағы базарлардың бірінде сиыр етін заңсыз сатқан Петропавл тұрғынын ұстаған болатын. Бұл факті қалалық ІІБ-ғы әріптестерімен бірлесе отырып жүргізген шара кезінде анықталды. Күдікті мүшеленген үш сиыр етін базарға көлігінің тіркемесіне салып алып келген көрінеді. Тексеру барысында ет өніміне қатысты құжаттамада заң бұзушылықтар бар екендігі анықталды. Сонымен қатар, автокөлік құжатын тексергенде де құқық бұзушылықтар тіркелді. Қазіргі уақытта жедел уәкілдер еттің қайдан келгенін анықтауда. Заң бұзушының қандай да бір жауапкершілікке тартылатындығы барлық қажетті іс-шаралар жүргізілген соң белгілі болады. «Барымта» операциясы барысында осындай рейдтер қала аумағында ғана емес, барлық аудандарда да өткізілді. Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД Криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Қанат Қасеновтің мәлімдеуінше, іс-шараға ІІД-нің барлық жедел және әкімшілік бөліністері, өңірлік Ауыл шаруашылығы басқармасы тартылған. Аталған іс-шара мал ұрлығының алдын алуға бағытталғандықтан аймақта ет өнімдерін сату орындары жіті тексерілуде. Заслон скотокрадам полицейские СКО проводят операцию «Барымта»+Сондай-ақ, «Шеп» жүйесіндегі бекеттерде ет өнімдерін тасымалдайтын автокөліктер толықтай тексерілуде. ІІД Криминалдық полиция басқармасы атап өткендей, облыс аумағында жыл басынан бері мал ұрлығының 71 фактісі тіркелген. Ұрлықтың көбі малдардың еркін жайылымда жүрген кезінде жасалған. Ал 56 мал ұрлау фактісі бойынша тергеу аяқталып, сотқа жөнелтілді. Күз-қыс мезгілі алдында облыстық полицей ведомствосы басшылығының бастамасымен мал ұрлығының алдын алуға бағытталған мақсатты операция жүргізілді. «Жедел алдын алу іс-шарасының алғашқы күндері тек облыс орталығының өзінде 29 автокөлік тексеріліп, 5 әкімшілік хаттама толтырылды», – деп хабарлады полиция подполковнигі Қ.Қасенов. Полицейлер мал ұрлығы орын алған жағдайда ауылдық округке қызмет көрсететін учаскелік полиция инспекторына, ал ол болмаған жағдайда аудандық Ішкі істер бөлімінің кезекші бөліміне хабарлау қажеттігін ескертеді. Иесі ұрланған малының түр-сипатын, ерекше белгілерін суреттеп беруге дайын болуы тиіс. Кез келген қылмысты ізін суытпай ашқанша, оны ескертуге болатынын ұмытпау шарт. «Барымта» жедел шарасы шілденің соңына дейін жалғасады.

Юрий КЛЫКОВ, Солтүстік Қазақстан облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*