«Мүлдем төзбеушілік» қағидасы насихатталды

Костанай акцияІІМ Көліктегі Ішкі істер департаментінің нұсқауына сәйкес Қостанай стансасындағы Ішкі істер желілік бөлімінің қызмет көрсету аумағында «Ұсақ құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік» акциясы ұйымдастырылды.
Аталған акция Қостанай стансасының теміржол вокзалындағы шарадан бастау алды. Шара шеңберінде Қостанай стансасындағы ІІЖБ әкімшілік полиция қызметкерлері «Нұр Отан» партиясының өкілдері, қалалық білім беру бөлімі, «Вокзал-Сервис» АҚ және «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның «Солтүстік» филиалымен бірге жолаушылар мен жүргіншілер арасында «Құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік» тақырыбында насихаттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Акция аясында сонымен қатар, Қостанай жол бөлімшесінің мұражайына экскурсия ұйымдастырылып, онда мектеп жаңындағы лагерь қатысушыларына Қазақстанның көлік полициясының құрылуы және оның өңірдегі тарихы туралы мәліметтер берілді. Теміржол перронында вокзал жұмыскерлері мен жолсеріктерінің қатысуымен жолаушыларға алдын алу сипатындағы буклеттер үлестіріліп, Қазақстанда жинақталанатын замануи «Тұлпар-Тальго» жүйрік пойызының жұмысы жан-жақты таныстырылды. Акция соңында асфальт үстінде «Құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік – балалардың көзқарасымен» атты сурет салудан сайыс ұйымдастырылды. Ең үздік жас суретшіге тәтті сыйлықтар табыс етілді.

Б.АЙСЕНОВ, Қостанай стансасындағы ІІЖБ

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*