Жазатайым оқиғалардың артуы жауапкершіліктің төмендеуіне байланысты

Жазатайым окигалардын артуыПетропавл полицейлері қаламыздағы жолаушылар тасымалымен айналысатын ұйым өкілдерімен кездесті.
Петропавл қалалық ІІБ қызметкерлері облыс орталығындағы жолаушылар тасымалымен айналысатын ұйымдардың өкілдерімен кездесті. Күн тәртібіндегі тақырып – ЖКО алдын алу мәселелері, әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу, сертификатталған құрылғылар арқылы анықталған ЖҚЕ-нің бұзылған кездегі кездесетін проблемалар, жолаушылар көлігі жүргізушілерінің жолаушылар тасымалдау кезіндегі тәртіптері және жаңа заңнамамен қарастырылған жауапкершіліктер. Кездесуге полицейлер мен тасымалдаушылар ғана емес, Жолаушылар тасымалы ассоциациясының төрайымы, облыстық мәслихат депутаты Галина Семенова да қатысты. Қазіргі уақытта Петропавлда күн сайын 300-ден астам қоғамдық көлік жұмыс жасайды. Петропавл қалалық ІІБ қоғамдық тәртіпті қорғау бөлімшесінің бастығы Ринат Құсайыновтың айтуынша, қалалықтарға 13 автобус, 13 шағын автобус және 13 саяжай бағыты қызмет көрсетеді. Жалпы 340 автобус қатынайды. ІІБ қызметкерлері құлақтандырғандай, жыл басынан қаламыздың жолдарында қоғамдық көліктердің қатысуымен 6 жол-көлік оқиғасы орын алып, салдарынан 6 адам жарақат алды. Жүргізушілердің кінәсінен 3 жол-көлік оқиғасы болды, 3 адам жарақат алды. Кездесуде қатысушылар сұрақтарын белсенді қойып, әрқайсысына білікті жауаптар ала алды. Жолаушылар тасымалы ассоциациясының төрайымы, облыстық мәслихат депутаты Галина Семенова учаскелік полиция инспекторларының қатысуымен жүргізушілерді қоғамдық көлікте темекі шеккені үшін жауапқа тарту мәселесі жөнінде рейдтер жүргізу туралы ұсынысын білдірді. Әкімшілік полиция бөлімінің қызметкерлері аталған ұсыныстың өзекті екенін айта отырып, Петропавл қалалық ІІБ осындай рейдтік шараларды жүргізуге дайын екендіктерін жеткізді. Полицейлер қоғамдық көліктерде екі өлшемді бейнетіркеуіштер орнату жөнінде ұсыныстарын енгізді. Аталған шара қоғамдық көліктерде орын алатын қалта ұрлықтарын ескерту мен анықтау мақсатында қажет. Одан басқа, бұл шара алдағы уақытта ЖКО болған кезде кінәлі адамдарды анықтауда дәлелдеме (бейне) алуға септігін тигізбек. Сонымен қатар, тұрғындар тарапынан қоғамдық көлік жүргізушілерінің дыбыс белгілерін қолдануларына қатысты шағымдардың жиілеуі жөнінде мәселе көтерілді. Нәтижесінде жолаушылар тасымалы субъектілерімен ЖҚЕ бұзудың алдын алу бойынша «Назар күні» акциясын өткізу туралы ұсыныс енгізілді. Бұл іс-шараға бұқаралық ақпарат құралдары қатыстырылмақ. ІІБ қызметкерлері мұндай кездесулерді ұдайы негізде өткізіп тұрады, бұл өз кезегінде тиісті деңгейде өзара тиімді ынтымақтастықты орнатуға мүмкіндік береді.

СҚО ІІД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*