Жасақ бастығының еңбегі ерен.

P_20150708_094238Алаштың астанасы, ұлылар елі атанған Семей шаһарында қоныс тепкен ОВ-156/15 түзеу мекемесінде қайнаған еңбекпен қатар, үнемі өткізіліп тұратын шаралар өз деңгейінде өтіп жатады.

Осы сөзіміздің дәлелі, таяуда мекемемізде 14-маусым жасақ бастықтарының кәсіби мерекесі ерекше аталып өтті. Осыдан тура 58 жыл бұрын КСРО ІІМ бұйрығымен 1957 жылы 14-маусымда жазасын өтеп жатқан түзеу мекемелерінде үлкен өзгерістер болып, жасақ бастығы лауазымы тағайындалған болатын. Қазіргі уақытта қылмыстық атқару жүйесіндегі жасақ бастықтары қызметінің міндеті өте ауқымды, жауапкершілігі мол сала. Жаза басып, темір тордың ар жағынан бірақ шыққан жандарды тәрбиелеу, жаза өтеу барысында өткізілетін қаншама іс-шаралар, бостандыққа дайындау, еңбекпен қамту, отбасымен байланысын орнату сияқты ұшы-қиыры жоқ жұмыстар осы жасақ бастықтарының біліктілігі мен білімінің, төзімділігінің арқасында жүзеге асып жатады. Осыған қарап-ақ тәрбие жұмысы бөлімі жұмысының қаншалықты ауыр, жауапкершілігі жоғары екендігін пайымдай беріңіз. Мекеменің мәжіліс залына жиналған жеке құрам, көк тудың астына сап түзеп, ҚР Мемлекеттік Әнұранын үлкен шабытпен қосыла орындап, осы айтулы мерекемен бірін-бірі қызу құттықтап жатты. Мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, әділет майоры А.М.Рахимжанов бірінші болып сөз алып, жасақ бастықтарының бүгінгі төл мерекелерімен құттықтады. Түзеу мекемесіндегі тәрбие бөлімі жұмысының алатын орнына тоқталып, жасақ бастықтарының еңбегін ерекше атап өтті. Осыдан кейін, еңбекте қол жеткен табыстары, қызметтік міндеттерін адал атқарғандары үшін, «Жасақ бастығы» күнін мерекелеуге байланысты мекеме бастығының бұйрығы оқылып, қызметкерлер марапатталды. Жас та болса, өз ісінің білікті маманы аталған, әділет капитаны Н.Е.Чиныбаевқа «Үздік жасақ бастығы» вымпелі табысталды. Әділет майорлары А.Х.Султанғазин, Қ.Қ.Оразбаев, Д.К.Жумагальдинов, әділет капитаны Н.Н.Нұрышев, әділет аға лейтенанттары А.К.Оразбаев, А.К.Базыловтар мақтау грамотасымен марапатталды. Биылғы жылы Ақтау қаласында өткен құқық қорғау саласы қызметкерлері арасындағы Қазақстан чемпионатынан жүлделі 2-ші орынмен оралған, әділет капитаны А.Б.Есенгалиев, таяуда ғана өткен кешенді аттестациялық тексеруден ерекше көзге түсіп, барлық сынақты «5-ке» тапсырған әділет майоры М.Б.Бахытбек сияқты қызметкерлердің еңбегі аталып өтті. Осынау қиындығы мен жауапкершілігі мол, қажырлылықты талап ететін қылмыстық атқару жүйесі саласы қызметкерлерінің еңбегі бағаланып жатса, тіпті, кеудесіне медаль тағып жатса неге қуанбасқа,.. жұмысқа деген жігері артып, өз міндетін абыроймен орындары сөзсіз.

Қ.Қ. Оразбаев
әділет майоры
ШҚО бойынша ҚАЖД
ОВ-156/15 мекемесі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*