Шекарашылар септесуге дайын

CAM00115Жуырда Павлодар станциясындағы ішкі істер желілік бөлімінде №2033 әскери бөлімі мен Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің кезекті жұмыстық кездесуі өтті.

Бұл кездесуде теміржол көлігінде, теміржол кәсіпорындарында есірткі заттарының, психотроптық заттардың заңсыз айналымын анықтау, жолын кесу және ескерту мәселесіне басты назар аударылды. Павлодар ст. ІІЖб бастығының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары полиция майоры А.Т. Байкеновтің төрағалығымен өткен аталған іс-шараға Павлодар көлік прокурорының көмекшісі Қ.Тлеужан, 2033 әскери бөлім бастығының орынбасары подполковник В.В.Яновский, Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің кинологы М.К. Макишев және ІІЖб КПБ бастығының міндетін атқарушы полиция майоры Қ.Ә. Юсупов, көші-қон полиция тобының аға инспекторы полиция капитаны р.Т. Түлендинов қатысты. Күн тәртібінде қаралатын мәселе бойынша Павлодар ст. ІІЖб КПБ бастығының міндетін атқарушы полиция майоры Қ.Ә. Юсупов сөз алды. Ол есірткі қылмысын анықтау, жолын кесу бойынша Павлодар ст. ІІЖб-нде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндама жасап, 2015 жылы есірткі бизнесімен күрес жүргізу бойынша 16 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелгенін айтты. Сонымен қатар шекара арқылы есірткі заттарын заңсыз өткізу фактілеріне жол бермеу мақсатында Шарбақты станциясына келетін жүк пойыздарын, оңтүстік бағыттан қатынайтын жолаушы пойыздарын қызметтік-іздестіру иттерін пайдалана отырып тексеру бойынша бірлескен іс-шаралар өткізу қажеттігі сөз болды. Сонымен қатар есірткі заттарын өткізу, сақтау және сату фактілерін анықтау бойынша теміржол нысандарында шекара қызметімен бірлесе отырып үнемі жүйелі түрде іс-шаралар ұйымдастыру жайы айтылды. Шекарашылармен жұмыс алдағы уақытта да жандана түсетін болады.

Павлодар ст. ІІЖб

 

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*