Ортақ мәселеміз –діни экстремизмнің алдын алу

IMG_1204 (2)Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінде «Діни экстремизмнің алдын алу – ортақ мәселе» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты – жеке құрамға діни экстермизм туралы

Дөңгелек үстелге діни бірлестіктермен жұмыс істеу бөлімінің бас маманы Н.Стамбакиев, облыстық орталық мешіттің өкілі наиб-имам М.Асанов, Департаменттің барлық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты. Департамент бастығының орынбасары өртке қарсы қызмет полковнигі Ж.Фазылов отырысты әлемді жаһандану заманының қазіргі жағдайында шыдамсыздық, қорлық, терроризм және діни экстремизм көріністері, оларды ғылыми ұғынуға және зерттеу, алдын алуға қажет етеді деп атап өтті. Дөңгелек үстел отырысында дін істері басқармасының өкілі Н.Стамбакиев қоғамдағы терроризм мен экстремизмнің қаупі мен салдары туралы айтып берді. Нұржан Жақсылықұлы талқыланатын тақырыптың маңыздылығын атап өтіп, Интернет ғаламдық желісі арқылы бұл көріністердің таралу мәселелерін жөнінде сөз қозғады. Сөз соңында қазіргі кездегі әлімдік және дәстүрлі діндер құрылтайларын өткізу арқылы конфессионаларалық келісім шеңберінде саясатты Қазақстан Республикасы жүргізіп келеді деп атап өтті. Наиб-имам М.Асанов дәстүрлі ислам және қазіргі жастар тақырыбында сөз қозғады. Марат Рахметоллаұлы қатысушыларға дәстүрлі ислам мен эксремистикалық мәндегі дәстүрлі емес діни ағымдардан айырмашылығының ара-жігін ашып берді.
Кездесу соңында Жарқын Сайлауұлы болашағымыздың жарқын болуы үшін сіз бен біз жаппай ат салысуымыз қажет. Жастардың дүние жүзін дүрліктіріп отырған лаңкестік пен экстермизмге жол бермей, имандылыққа баулитын дәстүрлі дінімізді берік сақтауға өз септігімізді тигізейік дегім келеді деп атап өтіп, қонақтарды қызықты әңгіме үшін алғыс білдірді.

Батыс Қазақстан облысы ТЖ департаментінің
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*