ТАНЫМАЛ ТЕЛЕЖУРНАЛИСТ ТРЕНИНГ ӨТКІЗДІ

IMG_6460Таяуда Ішкі істер департаментінің мәжіліс залында ішкі істер органдарының бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасасуын ұйымдастыру мақсатында белгілі тележурналист, редактор, ҚР ІІМ жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшесі С.М.Пономаревтің қатысуымен семинар-тренинг өткізілді.

Оған Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД /Қылмыстық атқару жүйесі департаменті/ бастығы Отарбаев Ғанибек, Қызылорда станциясындағы ішкі істер желілік бөлімінің бастығы Омашев Нұрлан, Қызылорда ОІІД-нің басшылығы, қалалық, аудандық ішкі істер бөлімдері бастықтары және баспасөз қызметі саласының қызметкерлері қатысты. Осы шараға Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Молдақараев Сайд пен Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы Нұрманова Айгүл де шақыртылды. Семинар-тренингті Қызылорда ОІІД-нің бастығы полиция полковнигі Жанат Сүлейменов ашты. Семинар-тренинг барысында танымал журналист өзінің көп жылдық еңбек тәжірибесіндегі сұхбат беру, ақпарат тарату жұмыстарымен бөлісті. Қызықты және әсерлі өткен кездесуде құқық қорғау органдары тарапынан сұрақтар қойылды. Құқық қорғау органдары жұмысын ақпараттандыру, ашықтық пен жариялылықтың тәртібі мен этикасы жөнінде пікір білдірді. Семинар-тренинг соңында қатысушылар естелік суретке түсті.

Қызылорда облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*