Жаңа өрт сөндіру бекеті ауылды қауіптен қорғайды

главноеҚазақстан Республикасы ормандала аумағына жататын елді-мекендерді өртке қарсы қорғау бүгін өрт сөндіру бекеттерін құруға және ерікті өрт құрылымдарының жұмысына негізделеді.

Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 2 шілдеде Ұзынкөл ауданы әкімшілігімен Қостанай облысы ТЖД басшысының қатысуымен Ұзынкөл ауданы Пресногорьковка ауылында «Золотой колос» ЖШС ауылшаруашылық базасында № 6 өрт сөндіру бекетінің ашылуы өткізілді. Осы ауылда өрт сөндіру бекетінің жасақталуы 3 мыңнан астам халқы бар елді-мекендерді, 11 алыс орналасқан ауылдарды қосымша өрттен қорғауды қамтамасыз етеді. Қостанай облысында құрылған бекет санақ бойынша 6-шы болып келеді. Осындай бекеттер Әулиекөл, Таран, Жітіқара және Қостанай аудандарына қызмет етеді. Өрт сөндіру бекеті қосымша өрт сөндіру көлігін орналастыру үшін және ерікті өрт сөндіру құрылымының жеке құрамына арналған жылытылатын үй-жаймен қамтамасыздандырылған. Өрт сөндіру бекетіне қызмет көрсету үшін Төтенше жағдайлар департаментпен АЦ-40 шамалы өртке қарсы құралдарымен жабдықталған, техникалық жағынан жұмыс күйіндегі өрт көлігін берді. Төтенше жағдайлар департаменті кәсіби дайындық мектебінің оқытушы құрамымен ерікті өрт сөндіру құрылымдарының сегіз өрт сөндірушілері мен екі жүргізушілерініңарасында алғашқы дайындық бойынша оқытулар жүргізілді. Біткесін білікті комиссиямен сынақтар қабылданып және алғашқы дайындықты өткені туралы лауазымдары бойынша куәліктер тапсырылды. Алыс орналасқан елді-мекендерді өрттен қорғау бойынша өрт сөндіру бекетін ашу Ұзынкөл ауданы үшін өте маңызды болып саналады.

Қостанай облысы ТЖД
Өрт қауіпсіздік саласында бақылау және
профилактикалық қызмет басқармасы

Қостанай облысының ТЖД, өрт сөндіру бекеті, ашылу, Ұзынкөл ауданы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*