Астана күні қарсаңында СҚО ІІО 17 ардагері шипажайға демалуға аттанды

Выезд в санаторий ко дню столицы2Таудың таза ауасы мен сауықтыру рәсімдерінің кешені олар үшін СҚО Ішкі істер департаментінің басшылығы және жеке құрамының атынан берілген сыйлық болмақ. Солтүстікқазақстандық полицияның 17 ардагерінің Алматы шипажайына аттанған сапары осымен үшінші рет ұйымдастырылды.

Астана күні қарсаңында тәртіп сақшылары қайырымдылық сенбілігін өткізді. Одан түскен қаражат ардагерлер кеңесінің қорына аударылды. Облысымыздың барлық аудандарынан келген зейнеткерлер сапаржайға бір кісідей жиналып, жолға аттанар алдында ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа мықты денсаулық және отанымыздың одан әрі гүлденуін тіледі. «Еліміздің бас қаласы – Астана қаласынан өтіп бара жатып, мемлекетіміздің береке-бірлік нышаны ретінде оның гүлденуін тілейміз! Осылай аман-есен өмір сүріп жатқанымыз үшін Президентімізге алғысымыз шексіз. Біз сияқты ардагерлерге қамқорлық көрсетіп жатқан Қазақстан Республикасы ІІМ мен Солтүстік Қазақстан облысының басшылығына жеке ризашылығымызды білдіреміз. Қиын қыстау жылдары ведомстволық шипажай сақталып қалып, бүгінгі күні онда мыңдаған зейнеткерлер мен полиция қызметкерлері денсаулықтарын түзетуде», – деп атап өтті СҚО ІІД ардагерлер кеңесінің төрағасы Сұраған Көпеев. ІІД тағы бір ақсақалы Қуаныш Беркімбаев осыған дейінгі сапарынан алған әсерімен бөлісіп, СҚО ІІД бастығы полиция генерал-майоры Берік Біләловке жеке құрамның бойында аға ұрпаққа деген құрметті тәрбиелегені үшін алғысын айтуда. «…Мен 1985 жылдан зейнет демалысындамын, бірақ жастардың қамқорлығы мен назарын әрдайым сезінемін. ІІД бастығы ардагерлерді шипажайға тегін жіберіп жатыр дегенді естіген соң, әріптестерім үшін қатты қуандым. Ал енді өзім де денсаулығымды түзеу үшін жол жүргелі тұрмын…», – деп ардагер қуанышымен бөлісті. Медициналық бөлім мен кадр аппараты қызметкерлерінің еріп жүруімен ардагерлер Алматыға аттану үшін вагондарға бет алды. Көтеріңкі көңіл-күймен, шат көңілмен ардагерлер оңтүстік астанамызға аттанды.

СҚО ІІД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*