Жамбыл облысының ТЖ Департаментінде Астана күні мерекесіне орай өткізілген іс-шаралар

DSC_0305Ағымдағы жылдың 03 шілдесінде Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №15 Өрт сөндіру бөлімі Мәжіліс залында, Астана күні мерекесіне арналған мерекелік жиналыс өткізілді.

Жиналысқа: Жамбыл облысының ТЖ Департаменті Ардагерлер кеңесінің төрағасы Әлібек Әміребекұлы Жанабаев, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының педагогика ғалымдарының кандидаты, профессор Оңғар Сәлімбайұлы Сәлімбаев және аға оқытушы Талас Ақылбек ұлы Ибрагимов , ТЖД құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, ТЖД, «ӨСжАҚЖҚ» ММ және «ЖҚЖ» ММ жеке құрамы шақырылды. Жиналысты Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы өртке қарсы қызмет полковнигі Б.Данилов ашып, ТЖД және құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлерін мерекелерімен құттықтап, сонымен қоса, мемлекеттің бірігуі мен бекітілген ұлттық идеяның символы, ХХІ ғасырға ұмтылған еліміздің, жаңа кейіптегі Қазақстанның айрылмас бөлшегі болып табылатын Астана – жаңа Қазақстанның мақтанышы екенін айтып өтті.
Жамбыл облысының ТЖД Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Жанабаев, Астана – қазақстандықтардың барлық ұрпақтардың перспективасы мен үміттерімен, армандарымен байланысты қала болғанын құттықтау сөзінде айтып өтті. Мерекелік жиналыста кезекті арнайы атақтар алған қызметкерлерге погондар тапсырылды. Сонымен, өртке қарсы қызмет подполковнигі А.Абсатовқа «өртке қарсы қызмет полковнигі» арнайы атағы, өртке қарсы қызмет капитаны Е.Жумадиловқа «өртке қарсы қызмет майоры» арнайы атағы, өртке қарсы қызмет аға лейтенанты А.Мырзабековаға «өртке қарсы қызмет капитаны» арнайы атағы және өртке қарсы қызмет лейтенанттары Б.Мырзаханға, Б.Каиповқа, Т.Тоқтанбекке кезекті арнайы «өртке қарсы қызмет аға лейтенанты» атақтары берілді. «Астана-Отанымыздың жүрегі» акциясы аясында, шақырылған жоғары білім беру мекемесінің өкілдері Қазақстан Тәуелсіздігінің символы болып табылатын, еліміздің басты қаласының қалыптасу маңыздылығы туралы баяндады. Сонымен қоса, Астана күні мерекесі қарсаңында қатысушыларға «Көтерілген Астана» атты документальді фильм көрсетілді.

Жамбыл облысының ТЖД
Кадр жұмысы бөлімі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*