Жедел топтардың жұмысы күшейтілді

IMG_0032Биыл 4-7 шілдесі аралығында ІІМ Көліктегі Ішкі істер департаментінің жеке құрамы Астана күнін мерекелеу кезінде қоғамдық тәртіпті, қылмыстар мен өзге де құқыққа қайшы іс-әрекеттерді уақтылы ескертіп, олардың жолын кесу үшін қызмет көрсетудің күшейтілген нысанына көшіріледі.
Осыған сәйкес, басшы құрам қатарынан жауапты лауазымды тұлғалардың кезекшілігі белгіленді. Сонымен қатар, оқиға орын алған жерге дер кезінде жетіп, қылмыстың ізін суытпай ашу үшін қосымша жедел тергеу топтары құрылды. Бұған қоса, Астана қаласының әуежайы мен теміржол вокзалындағы қоғамдық тәртіп пен жолаушылардың қауіпсіздігін 200-ге жуық көлік полицейлері қамтамасыз ететін болады. Көліктегі ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Талғат Өтетілеуовтың айтуынша, күшейтілген тәртіпте қызмет өткеру кезінде Астана қаласында ғана емес, еліміздің барлық өңірлеріндегі теміржол және әуе көлігі нысандарында құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесуге бағытталған қосымша шаралар қабылданды. Сондай-ақ, маңызды және аса маңызды нысандарды, арнайы мекемелерді, әкімшілік ғимараттар мен тіршілікті қамтамасыз ететін нысандарды бақылау күшейтілді. «Ол үшін Көліктегі ІІД-нің басқармалары мен бөлімдерінен жасақталған жедел топтар құрылды», – дейді полиция полковнигі Талғат Жүкенұлы.

Көліктегі ІІД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*