Жеңісті Варшавада қарсы алған

Вера ЛехановаВера Кондратьевна Леханованы құттықтау үшін Павлодар облысы ТЖ департаменті бастығының орынбасары, полковник Абай Темірбаев және Ардагерлер кеңесінің өкілдері келді. Өзінің 94 жасында хал-жағдайын білуге келген әріптестерінің барлығын өмір сүйгіштігімен, қуанышты көңіл-күйімен, еске сақтау қабілетімен таң қалдырды.
Тоқсанның бел ортасына келгеніне қарамастан, ол өзінің естеліктерін жадында жақсы сақтаған екен. Адамзат тарихындағы сұрапыл соғыста жиырма жастағы бойжеткен 1942 жылдың тамызында радиотелефонистердің курстарын тәмамдағаннан кейін 1 Беларусь майданына прожектористердің №20 әйелдер батальонына «№1 тыңдаушы» болып жіберіледі. Олардың міндетіне 30 шақырым радиусы бойынша қозғалмалы объектілерді – бомбалаушыларды, жоюшыларды анықтау кірді.
Соғыстың аяғына таман 1945 жылы неміс мергенінің оғы бойжеткенді ауыр жарақаттап, сегіз ай бойы Варшава астындағы госпитальда жатып, Ұлы Жеңісті қарсы алады. Вера Кондратьева ІІ дәрежелі Отан соғысының орденімен, «Әскери жетістіктері үшін», «Сталинградты қорғағаны үшін» медальдарымен марапатталған. Ал В.Леханованың басты марапаттарының бірі – «Германияның жеңісі үшін» медалі оған Польша аумағындағы госпитальда табыс етілді. Ол үнемі өзінің туған және жақын адамдарының қамқорлығында. Лехановтардың үлкен және тату отбасында 11 немере және 10 шөбере өсіп келеді. Олар өздерінің аңызға айналған әжелеріне жиі келіп тұрады, мақтан тұтып, өздерінің оқудағы, спорттағы және музыкадағы кішкентай жетістіктерімен бөліседі. Оларға қарап, Вера Кондратьева ауыр соғыс жылдарын бекер бастан кешпегендігін түсінеді. Соңғы жылдары Вера Кондратьева өздігінен тұра алмайтындығына қарамастан, ардагер әріптестеріне қонақжайлылықтан бас тартпайды. Осы жолы да дастарқан үстіндегі әңгіме ауру туралы болған жоқ. Ол жастар қалай қызмет ететіндіктерін, Павлодар облысы өрт сөндіру гарнизонының жеке құрамы қандай міндеттерді орындайтындығын сұрастырды. ТЖ қызметкерлері ардагердің сұрақтарына нақты жауап беріп, «Павлодарский спасатель» газетінің және «Пожарный и спасатель» журналының бірнеше данасын әкеліп, аумақтық ТЖ органының қызметі туралы фото және бейне материалды көрсетті. Құтқарушылар ардагерге денсаулық, күш-жігер тілеп, сыйлықтарды және гүлді табыс етті.

Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*