Көлік сақшыларына артылған міндет көп

Кост каз1706.-2jpgКөлік полициясы – ішкі ісиер органдарында қырағылық пен сақтықты қажет ететін қызметтің бір түрі. Жолаушылар пойыздарын бақылауға алып, ондағы тәртіп пен қауіпсіздікті асқан кәсіби шеберлілікпен атқару осы саланың тәртіп сақшыларына жүктелген ең басты міндет. Тіршілігі қара қазандай қайнаған теміржол вокзалдары – күн сайын сан мыңдаған адам жолаушылап шығып жататын көпшілік орын. Мұнда орын алған қылмысты ашу көлік сақшысынан қашанда өте қырағы болуды талап етері сөзсіз. Қазіргі таңда еліміз бойынша 6 Ішкі істер желілік басқармасы, 10 Ішкі істер желілік бөлімі жұмыс істеп келеді. Олардың қатарында географиялық орналасу ерекшелігімен, қызмет көрсету аймағының ауқымдығымен өзгешеленетін бөлімнің бірі – Қостанай стансасындағы Ішкі істер желілік бөлімі болып саналады. Бүгінгі оқырмандар сұрағына Көліктегі ІІД-не қарасты Қостанай стансасындағы Ішкі істер желілік бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Олжас МЫРЗАХМЕТОВ жауап береді.
СҰРАҚ: Жолаушылар пойыздарында түрлі іс-шаралар өткізіліп тұрады. Жалпы мұндай шаралардың қарапайым халыққа берер пайдасы бар ма?
ЖАУАП: Теміржол көлігіндегі құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және көлік полициясының жұмысы туралы қоғамдық пікірді зерделеу мақсатында Көліктегі ІІД Қостанай стансасындағы Ішкі істер желілік бөлімінің қызмет көрсету аумағында жолаушылар пойыздарында азаматтармен кездесудер ұдайы өткізіледі. Мәселен, жыл басынан бері 9 рет «Пойыздағы кездесу» шарасы өткізілді. Кездесуге «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Қостанай облыстық филиалы, Қостанай көлік прокуратурасы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Алдын алу іс-шарасының шеңберінде азаматтарға еліміздің әкімшілік, көші-қон заңнамасы бойынша жан-жақты кеңестер беріліп, жолаушылардың осы мәселелер төңірегіндегі бірқатар сауалдарына толыққанды жауаптар беріледі. Келіп түсетін өтініштердің басым көпшілігі әкімшілік, көші-қон заңнамасындағы өзгерістер мен толықтыруларға, теміржол көлігінде ұрлық болған жағдайдағы азаматтардың әрекеттеріне қатысты.
СҰРАҚ: Олжас Бақытжанұлы, Қостанай стансасындағы Ішкі істер желілік бөлімінің құрылу тарихы жайлы айтып өтсеңіз. Бөлім қызметкерлеріне жүктелген ең басты талап қандай?
ЖАУАП: Қостанай стансасындағы желілік милиция бөлімшесі 1961 жылдың басында құрылған. Ол кезде бөлімшеде небәрі 31 қызметкер штаттық құрамында жұмыс істеген. 1963 жылы желілік милиция бөлімі Тобыл және Құсмұрын стансаларындағы желілік бөлімшелерден құралды. Ал, бөлім қызметкерлеріне жүктелген ең басты міндетке келер болсақ, қостанайлық көлік сақшыларының алдына қойған негізгі талап – жылжымалы құрамнан мүлікті ұрлауға, есірткінің заңсыз айналымымен байланысты қылмыстарды ескерту және ашу, алдын алу, сондай-ақ, Қостанай стансасындағы ІІЖБ қызмет көрсету аумағында қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және қылмысқа қарсы күрестің алдын алуға бағытталған барлық іс- шараларды іске асыру болып табылады.
Кост каз1706СҰРАҚ: Станса Ішкі істер желілік бөлімінің қызмет көрсету аумағы қандай? Бір жылда бұл станса арқылы қанша жолаушы қатынайды?
ЖАУАП: Қостанай стансасы торапты Ресей Федерациясымен шекаралас орналасқан. Станса Ішкі істер желілік бөлімі 1384,5 шақырымға созылған «Қазақстан теміржолы» ҰК ЖАҚ объектілері мен кәсіпорындарының бас жолдарын және оған жақын қосалқы жолдарына қызмет көрсетеді. Жылдық жолаушылар ағыны бір жарым миллион адамды құрайды. Жолаушылар өздерін жайлы және ең бастысы – қауіпсіз сезіну үшін көлік полицейлері тәулік бойы қызмет атқарады. Полиция қызметкерлері пойыздарда және әуежайда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді, қылмыскерлерді ұстайды және заңсыз көшіп-қонушыларды анықтайды.
СҰРАҚ: Соңғы кездері ішкі істер органдарындағы сыбайлас жемқорлық жайлы көп айтылып жүр. Тағылған сын да, артылған мін де аз емес. Ал, өзіңіз басшылық жасап отырған Қостанай стансасындағы ІІЖБ-нің жеке құрамы бұл қоғамдық дертке қалай қарсы тұруда?
ЖАУАП: Қостанай стансасындағы ІІЖБ басшылығымен 2011-2015 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің бағдарламасын іске асыру жөніндегі жоспары бекітілді. Осы жоспарға сәйкес, Қостанай стансасындағы ІІЖБ және бағынысты бөліністердің жеке құрамы арасында тәртіп пен заңдылықты нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша мақсатты жұмыс жүргізіліп келеді. Қоғамдық құрылымдар, офицерлік және полицейлер, тәртіптік комиссияның жиналыстары тұрақты түрде өткізіліп отырады.
СҰРАҚ: Теміржол вокзалдары, жолаушылар пойыздарында тіркелетін қылмыстарды ашудың өзіндік ерекшелігі бар ма? Көлікте құқық бұзушылықтың алдын алу қалай жүзеге асырылып келеді?
ЖАУАП: Көлікте құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету – қызметкерлерден өз мамандығын ғана емес және көптеген көлік қызметтерінің қызмет ету ерекшеліктерін, әрдайым өзгеріп отырған жағдайда бағытын білуін қажет етеді.
Айталық, ағымдағы жылы Қостанай стансасындағы ІІЖБ Тобыл стансасындағы желілік полиция бөлімшесіне телефон хабарламасы келіп түсті. Хабарламада Тобыл стансасындағы ПЧ-34 ПД-5 табельдіктен белгісіз біреулердің кірме жолын бұзу арқылы «Жейсмар» маркілі рельс кесетін станок пен дәл осындай үлгідегі рельс бұрғылағыш станокты ұрлап кеткендігі жөнінде айтылды. Қостанай жол бөлімшесіне келтірілген материалдық шығынның көлемі – 1 121360 теңгені құрайды. Қостанай стансасындағы ІІЖБ Тобыл стансасындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында осы ұрлыққа қатысты күдіктіні ұстады. Одан заттай айғақтар алынып, бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 175-бабының 3-бөлігі «б» тармақшасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жалпы 2013 жылдың есепті кезеңінде 90 қылмыс тіркелсе, оның ішінде, 51 іс сотқа жіберіліп, 1169 адам әкімшілік жауапқа тартылды.
СҰРАҚ: Көлік сақшылары қандай мекемелермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді?
ЖАУАП: Көлік сақшыларының қызметі көлік кәсіпорындарының жұмысымен тығыз байланысты. Осы орайда, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ теміржол ұйымдарымен ай сайынғы кездесулердің өткізуін іске асырамыз. «Жолаушылық тасымалдары» – жолаушылар пойыздарында ретке келтіру, «Вокзал-сервис» АҚ билет кассалардың жұмысы, Тасымалдау бойынша дирекциясымен – жүк тасымалдарының сақталуы мәселелері бойынша және т.б, көкейкесті мәселелері ашық талқыланады. Азаматтардың өтініштерін қанағаттандыру үшін бөлім мен бағынысты бөлімшелерде қабылдаулары тұрақты өткізіледі. Желілік ішкі істер бөлімі мен бағынысты полиция бөлімшелерінде азаматтардың өтініштері үшін жәшік, сенім телефоны орнатылған.

Қостанай стансасындағы ІІЖБ баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*