Әскери шеру айшықтары

DSC_91627 мамыр күні Қарулы күштердің құрылған күніне орай елордамыз Астанада бұрын соңды болмаған әскери шеру өтті. Ел мерейін өсіріп, айбынын асырған бұл парадқа 4 778 әскери қызметші, 227 бірлік қару-жарақ пен әскери техника, сондай-ақ, әскери авиацияның 70 ұшағы мен тікұшағы қатыстырылды. Сонымен қатар, Қазақстан Қарулы Күштерінің техникаларынан бөлек, Ұлы Отан соғысы кезінде кеңінен қолданылған қару-жарақ түрлері де көрсетілді. Айта кетейік, осы әскери шараға Қарулы Күштеріміздің әскери қызметшілері мен әскери техникасы рекордтық көлемде тартылды. ҚР Қарулы күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен бұл шеру әлемге Қазақстанның күш-қуатын, жасымас жігері мен қажымас қайратын паш етті.

Осыдан 23 жыл бұрын Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылған болатын. Осы аралықта әскеріміз дамудың күрделі жолынан өтіп, қазіргі таңда заман талабына сай қалыптасты. Жоғары кәсіби, ұтқыр, заманауи қару-жарақпен және техникамен жарақтандырылған әскер Тәуелсіз еліміздің айбынына айналды. Қазіргі таңда Мемлекет басшысының сарабдал саясатының арқасында еліміз ынтымақ пен келісімнің, тұрақтылық пен орнықты дамудың ордасына айналып отыр. «Қазақ Елі» алаңына парад көлігімен Елбасы – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев шықты. Әскери сап алдында Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов Мемлекет басшысына, әскерлердің Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы мен Отан қорғаушы күніне арналған парадқа дайын екенін баяндады. Іле Елбасы парад автокөлігімен әскери қызметшілер мен парадтық есептоптарды аралап шықты. Мінбеге көтерілген Мемлекет басшысы, Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды және әскери шеруге қатысушыларды Отан қорғаушы күнімен және Ұлы Жеңістің 70 жылдығымен құттықтады.
– Қымбатты отандастар! Құрметті сардарлар мен сарбаздар! Отан қорғаушы күні және Ұлы парада 2, 07.05.15Жеңістің 70 жылдық мерейтойы құтты болсын! Біздің әскеріміз ұлан-ғайыр даламыздың әрбір қадам жерін қапысыз қорғауға қабілетті. Біз – бабалардың ерлік жолын қастерлеп, елдік жолын жалғаған ұрпақпыз. Қанымызға сіңген қастерлі борышты антына адал ерлеріміз қазір де абыроймен атқаруда. Ер азамат үшін туған жердің тұтастығын, туған елдің тыныштығын күзетуден асқан абырой жоқ. Сіздердің қызметтеріңіз – ел тәуелсіздігінің және халқымыздың болашаққа сенімінің кепілі, – деді Елбасы. Президент сөзінен кейін Әнұран шырқалып, одан кейін парад басшысы, генерал-лейтенант Мұрат Майкеев салтанатты шеруді бастауға бұйрық берді. Парадтағы жаяу тізбектер шеруін Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің барабаншылар ротасы бастады. «Жас ұлан» мектебі өкілдерінің соңынан Ұлы Отан соғысы уақытындағы әскери форма үлгісін киген парадтық үш топ ілесті. Бірінші топ Ұлы Отан соғысы кезінде құрамында біздің жерлестеріміз соғысқан 72-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының жауынгерлік туының көшірмесін ұстап өтті. Жиылған жұртшылық Ұлы Отан соғысындағы аңыз қару аталған «Максим» пулеметтерін өз көздерімен көрді. Одан кейін Қарулы Күштердің қазіргі заманғы парадтық есептобы көрінді. Олардың ізін ала Қорғаныс министрлігінің есептобы бой көрсетті. Салтанатты шеруді Әскери-теңіз күштерінің парадтық есептобы жалғастырды. Олар еліміздің теңіз шебіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бұлардан соң алаң орталығына Аэроұтқыр әскерлердің шеру тобы шықты. Аэроұтқыр әскерлері Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшының резерві болып табылады. Бұдан кейін жұртшылықтың назары Теңіз жаяу әскерлері гвардиялық бригадасының ротасына ауды. Шараны одан әрі «Қазбриг» бітімгерлік бригадасы жалғастырды. Бұлардың ізін басып алаңнан ерекше жауынгерлік киім киген Арнайы мақсаттағы бөлімшелердің сарбаздары өтті. Аяқтарын нық басқан жауынгерлердің бойларынан күш-жігердің нышаны анық байқалады. Көпшілік шерудің ең көрікті қатысушылары деп таныған әскери қыз-келіншектерден құралған шеру тобы да салтанатты шараның маңызын арттыра түсті. Әлия мен Мәншүктей қазақтың батыр қыздарының ізін басып келе жатқан олар бүгінгі таңда әскери қызметтерін абыроймен атқарып жүр. Сонымен қатар, алаңнан Нұрсұлтан Назарбаев атындағы Ұлттық қорғаныс университеті офицерлерінің парадтық сапы жүріп өтті. Парадты одан әрі жігерлі қадаммен Құрлық әскерлері әскери институты курсанттарының ротасы жалғастырды. Келесі кезекте Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары парадтың сәнін келтірді. Сондай-ақ, Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуеқорғанысы күштері әскери парада 3, 07.05.15институтының үздік курсанттары да әскери шеруде жұртшылық назарын өздеріне аударды. Мінбер алдынан Ұлттық ұлан Петропавл әскери институтының курсанттары да сымдай тартылып, сап түзеп өтті. Парадты Қорғаныс министрлігі Ш.Уәлиханов атындағы Кадет корпусының салтанатты шеруі жалғастырды. Ал бұлардың ізін ала Қазақстан Қарулы Күштері Әскери полициясының парадтық есептобы сап түзеп, мінбер алдынан өтті. Салтанатты шеруге Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің парадтық есептобы да шықты. Келесі кезекте Қазақстан Ұлттық ұланы шұғыл мақсаттағы алғашқы жеке бөлімінің парадтық есептобы да өзге әріптестері секілді өз салтанатымен шеру тартып өтті. Мінбер алдынан өтуге Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне қарасты Көкшетау техникалық институтының курсанттарына да кезек келді. Жаяу әскери шеруді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің рота колоннасы аяқтады. Жаяу әскерлер шеруі аяқталғаннан кейін соғыс жылдарындағы және Қазақстанның ең соңғы жаңа үлгідегі әскери техникалары алаңға шықты. Парадта бірінші болып Т-34 танкі жүріп отырды. Бұл соғыс жылдарында аты аңызға айналған ең күшті танктердің бірі болған. Ол соғыс күрмеуінің шешілуіне елеулі үлес қосқан. Әскери шеруде ЗиЛ-157, ЗИС-2 зеңбіректері, М-30 гаубицалары, әлемге «Катюша» атымен танылған БМ-13 атыс жүйесі ел назарына ұсынылды. Сонымен қатар, әскери парадта жұрт назарына ұсынылған ЗИС-2 танк бұзар зеңбірегі де Ұлы Отан соғысы кезеңінде кеңестік қарулардың бірі болды. Бұл 1940 жылы әзірленген, сол уақыттағы әлемдегі ең күшті танк бұзар зеңбірек атанған. Жоғарыда аталған ескі әскери техникалар шеруі алаңнан өткеннен кейін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы мен Отан қорғаушы күніне арналған әскери парадты Қазақстан Қарулы Күштерінің қару-жарақ және әскери техникасынан құралған механикаландырылған лектер жалғастырды. Парадқа қатысқан қазіргі техникаларға тоқталсақ, заманауи техникалар шеруін Т-72Б танкі бастады. Бұл танктер бөлімінің ең негізгі қаруы саналады. Бұдан өзге, алаңда танктерді қолдау жауынгерлік машиналары, соңғы жылдары қазақстандық армияның сапына қосылған машиналар, «Солнцепек» жаяу әскер жауынгерлік машиналары, БМП-2, БТР-82 бронетранспортерлері, Д-30, «МСТА-Б» гаубицалары, «КамАЗ», автокөліктері, «Штурм-С» кешені, «Тигр» бронды көліктері, «Стрела-10» зенитті-зымыран кешенінің батареясы, «Смерч» реактивті жүйесі, «Кобра» жауынгерлік барлау көліктері, Аэроұтқыр бөлімдеріне арналған «Хаммер» көліктері, С-200, С-300 көпарналы зениттік-зымырандық кешендері және басқа да заманауи әскери техникалар жүріп өтті. Әскери шеруде «Тигр», «Федерал», «Урал-4320», «Ленд Ровер», Sandcat сынды заманауи автомашиналар да жүріп өтті. Механикаландырылған лек қозғалысын «Да Винчи» және «Скайларк» ұшқышсыз ұшатын аппараттары жалғастырды. Шеру көк жүзіне Әуе қорғанысы күштерінің тікұшақтары мен ұшақтары көтерілгенде басқаша сипатқа ауысты, дәлірегі – парад қыза түсті. Жұртшылық көк жүзіне көз жіберді. Әскери-көліктік және армия авиациясының Су-25, Су-27, Су-30, МиГ-29, МиГ-31, МиГ-27, Ан-26, Ан-72, Ту-134, Ту-154, С-295 ұшақтары, сондай-ақ, Ми-8, Ми-17, Ми-171, Ми-26, К-32 және ЕС-145 тікұшақтары көк жүзіне самғауы парадтың салтанатын асырды. Бұл арада ерекше атап өтерлігі, парадқа Қазақстан Қарулы Күштерінің тарихында алғаш рет ел Әскери-әуе күштерінің сапын толықтырған 4++ буынына жататын жаңа жоғары маневрлі Су-30МС жойғыш ұшағы қатысты. Әскери ұшқыштар ерекше қиын әуе қимылдарын жекелей және топпен бірге көрсетті. Көктегі шеруге Қазақстан Әуе қорғаныс күштерінің бас қолбасшысы, генерал-майор Нұрлан Орманбетов басшылық жасады. Парадтың әуедегі бөлігін Қазақстан Әуе қорғаныс күштерінің Ми-17 әскери авиация тікұшақтары бастады. Авиациялық ұшуларды Қазақстан Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы, генерал-майор Дәурен Қосанов басқарды. Ал, парада 4, 07.05.15Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын алып ұшу құрметі авиациялық база командирі, ұшқыш-мерген, полковник Нұрлан Байдуллаевқа бұйырды. Сол сияқты, Қазақстан Қарулы Күштерінің туын звено командирі, 1-сыныпты ұшқыш, майор Айбек Ержанов көкте желбіретті. Алаң үстінде зулаған армиялық авиацияның көп мақсатты Ми-8 тікұшақтары да шеруді сәтімен жалғады. Өз кезегінде аспанда жөңкіген отандық заманауи ЕС-145 тікұшақтары да парадтқа ерекше әр берді. Бұдан соң көктегі шеруге Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі авиациясының Ми-171Ш тікұшақтары үн қосты. Бұлардың ізімен Ка-32 және ЕС-145 тікұшақтар тобы ұшып өтті. Аталған министрліктің авиациясы сапындағы Ми-26 әскери-көліктік тікұшақтары да Астана аспанына көтерілді. Ендігі кезек әскери ұшақтарға келіп жетті. Парадты одан әрі қыздыра түскен әскери-көліктік және әскери жойғыш Ту-154, Ту-134, Су-27, Су-25, Ан-12, Ан-72, Ан-74, Ан-26, Си-295, Су30СМ, Су-27, Су-25, МигГ-31, МиГ-29 ұшақтары салтанатты шерудің мән-маңызын арттыра түсті. Әсіресе, Су-27 жойғыш ұшақтары аспан әлемінде «70» санын екі жағдайда бедерлегені көпті таңғалдырды. Әскери парадты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық ұлан мен Мемлекеттік күзет қызметінің музыканттарынан құралған біріккен әскери оркестр аяқтады. Оған Президент оркестрінің бастығы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Талғат Бердіғұлов жетекшілік жасады.

Раушан НАРБЕК

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*