Ерлігімен есте қалған өрт сөндірушілер

главноеАлматы қаласында 1989 жылы 20 мамыр күні теміржол тұйықтамасындағы өрт сөндіру барысында қайтыс болған өрт сөндірушілерді еске алу рәсімі өтті.
Қайғылы оқиғаға биыл 26 жыл болды. Дәл 20 мамырда Алматы қаласының Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері тілсіз жауды ауыздықтау кезінде көз жұмған өрт сөндірушілердің ескерткіші алдына жиналды. Іс-шара 1 минут үнсіздіктен басталды. Кешті басшы құрам гүл қою рәсімімен бастап, Алматы қаласының өрт сөндіру гарнизонының қызметкерлері есіл ерлердің есімін ұлықтап, батыл істеріне бас иді. Бұл шараға өртке қарсы қызметінің ардагерлері мен қайтыс болған өрт сөндірушілердің туыстары да арнайы қатысты. Осыдан ширек ғасыр бұрын болған қайғылы оқиға жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 19:30-да болған еді. Бекеттің кіреберіс жолында тұрмыстық газ толы алты цистерна мен теміржол тұйықтамасында орналасқан «Казстройматериал» базасының үш жүк вагонын тартып келе жатқан маневрлік тепловоз соғылады. Апат салдарынан үлкен өрт пайда болған. Суыт хабар қаланың орталық өрт сөндіру байланыс пунктіне кешкі сағат 19:36-да келіп түседі. Мықты жарылыс тек алаулап қана қоймай, газға толы басқа цистерналарды рельстерден лақтыра бастайды. соның салдарынан жарылыстың қақ ортасында жүрген барлық өрт сөндірушілер ауыр жарақат алады. Жарылыстан қатты зардап шеккен ішкі қызмет кіші сержанты Е.Искаков сол жерде жантәсіліметеді. Апаттың ауырлығына қарамастан өрт сөндіру қызметкерлері жалынпен арпалысып жатты. Ф.Шарипов пен оның жолдастары күйіп қалса да жедел жәрдем алып кетпегенше өз топтарына соңына дейін бұйрық беріп, өртпен күрескен. Онымен бірге өрт сөндіру күзетінің сарбаздары да соңғы демі қалғанша тілсіз жаумен күрескен. Бірақ өрттен алған жарақаттары сапта тұруға шыдатпады. Оқиға орнынан ауыр жарақат алған Ильшат Сафарғалиев, Кұралхан Аккулов, Михаил Маликов, Сейл Алимтаев, Владимир Никуленконы әріптестері алып шыққан. Өрт сөңдірушілердің батырлықтары мен жанкештіліктерінің арқасында жалын ауыздықталып, өрттің ауқымы азайтылады. Алайда, бұл үшін бір тәуліктен астам уақыт кетеді. Себебі, өрт толықтай келесі күні түнгі 1:45-те сөндірілген. Өрт сөндірушілер бұл апатты IMG_3158жойғанымен, көптеген қызметкерінен айырылып қалған еді. Оқиға орнында И.Абдранов, Р.Қасымов қайтыс болса, басқа өрт сөндіру қызметкерлері ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Қатты күйік шалған өрт сөндіру қызметкерлерінің өмірі үшін еліміздегі ең мықты дәрігерлер күресті. Алматыда бүкілодақтық күйік орталығының мамандар да аянып қалмады. Қазақ КСР Денсаулық министрлігінде жасалған үйлестіруші және жұмыс орындары күні-түні жұмыс істеді. Алматы гарнизонының жеке құралған топтары күні-түні ауруханада кезекшілікте болып, кез келген уақытта қолдан келген көмектерін аяған емес. Алайда, қайғылы хабарлар легі азая қоймады. Ауруханада Фрид Шарипов, Ильшат Сафарғалиев, Құралхан Аққұлов, Михаил Маликов, Сейіл Алимтаев, Владимир Никуленко қайтыс болды. КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумының Жарлығымен төтенше оқиға кезінде батырлық пен қайсарлық танытқан И.Абдранов, Қ.Аққұлов, С.Алимтаев, Е.Искаков, Р.Касымов, В.Никуленко, М.Маликов, И.Сафарғалиев, Ф.Шарипов қаза болғаннан кейін «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталды. Ерен ерлігі үшін Т.Арзиева, О.Голинцева, Т.Дүйсенбаева, Т.Дүйсенбина, И.Езерского, В.Коклягина, В.Меркулова, Л.Онучина, А.Ромашина, С.Свириденко, М.Тұрсымбекова «Дербес батырлық» орденімен, ал Алматы қаласының Өртке қарсы күрес басқармасы мен ІІБ-ның қызметкерлері «Өрттегі батырлығы» үшін медалімен марапатталды. Апатты жоюға қатысқан барлық қызметкерлер ҚазКСР Жоғары Кеңесінің және респуликаның ІІМ Құрмет грамоталарымен, сонымен қатар, ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Сол 1989 жылдың 20 мамырында болған қайғылы оқиғаны Алматы гарнизонының өрт сөндіру қызметкерлері ешқашан естен шығармайды.

Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*