Өрт шекара таңдамайды

IMG_8895Павлодар облысында Қазақстан және Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығы шеңберінде шекаралас аумақтардағы табиғи өрттерді сөндіру бойынша ірі ауқымды оқу-жаттығулар өтті.
Найзағайдың шағылысуынан Павлодар облысы Лебяжі ауданының Байымбет орман шаруашылығының № 170 кварталындағы ашық орман аумағында өрт шығады. Өрттің Ресей Федерациясының Алтай өлкесі, Шығыс Қазақстан облысының аумағына қарай өрши түсу қаупі туындады. Павлодар облысында екі күн бойы өткен оқу-жаттығудың жоспары осындай еді. Өрт-тактикалық шараны өткізудегі басты мақсаттардың бірі – шекаралық аумақтардағы табиғи өрттерді сөндіру кезіндегі бірлескен әрекеттерді пысықтау еді. Дабыл түсісімен «Ертіс орманы» табиғи резерватының аумағында орналасқан палаталық лагерьге 216 адам жіберіледі. Сондай-ақ, тілсіз жауды ауыздықтауға Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары ТЖД, Алтай өлкесі бойынша Ресейдің ТЖМ Бас басқармасы, Павлодар облыстық ІІД өрт және апаттық-құтқару бөлімшелерінің 32 арнайы техникасы, «Қазавиаорманқорғау» Шығыс Қазақстан жасағының екі десант тобы мен МИ-8 тікұшағы, «Ертіс орманы» МОТР РММ, «Семей орманы» МОТР РММ, ҚР Ұлттық гвардиясының 5512 әскери бөлімі, 2033 әскери бөлімі жұмылдырылды. Оқу-жаттығу жоспары бойынша жел күшейіп, өрт аумағы ұлғаяды. Орман дала өртінің Алтай өлкесі мен Шығыс Қазақстан облысының аумағына шекара арқылы ауысқаны да байқалады. Осыған орай жедел штаб басшысы мен жедел топтардың басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Оқу-жаттығудың мақсаты – құлақтандыру, жинау, оқиға орнына басқару органдарымен бірге жорық жасау, күштер мен құралдардың өзара әрекет ететін тараптары бойынша жедел ден қоюды жетілдіру; шекаралас аумақтардағы күштер мен құралдар топтамасын жайғастыру, өзара әрекет ету тараптары арасында байланысты ұйымдастыру, орман-дала өрттері кезінде шартты оқиға орнын оқшаулау және салдарын жою мәселелері бойынша өзара әрекет ететін тараптар топтамаларының бірлескен іс-әрекеттерін жетілдіру; ақпараттық алмасуды ұйымдастыру болды. Жедел топтардан алынған ақпараттың сараптай келе шекаралас облыстар және мемлекетпен өзара әрекет ету жоспарына сәйкес күштер мен құралдарды тарту және толықтыру туралы шешім қабылданады. Өрт алаңы мен IMG_8918тарау жолдарын және елдімекенге төнген қатерін анықтау үшін пилотсыз аппаратпен барлау жүргізіледі. Өрт авиадесанты қонатын жер анықталады. ҚР ІІМ ТЖК келісімі бойынша Павлодар облысы ТЖД мен «Ертіс орманы» МОТР бөлімшелеріне көмек көрсету үшін Шығыс Қазақстан облысының «ӨСжАҚЖҚ» ММ, «Семей орманы» МОТР, РФ Алтай өлкесінің табиғи қорғау ресурстары мен экологиясы бас басқармасының күштері мен құралдары, 5512 әскери бөлімінің жеке құрамы келеді. Павлодар облысының шекаралық жасағы бойынша жедел кезекшісі мемлекеттік шекарадан өту туралы мәселені шешуге тырысады. Шекаралық аумақтардағы өтуі қиын жерлеріне авиадесантты отырғызу жүргізіледі. Жақын ауылдардан адамдарды көшіру және қажет болған жағдайда алдын ала құлақтандырудың мобильді кешені және адамдарды тасымалдау үшін көлік әзірленеді. Оқу-жаттығу екі кезеңмен өтті. Алғашқысында жұртты құлақтандыру, жинау және төтенше жағдайлар ауданына күштер мен құралдардың шығуы пысықталса, екінші кезеңде шекаралық аумақтардағы оқиға орнын оқшаулау және жою бойынша іс-шаралар пысықталды. Өрт сөндіруге қатысушылар күштер мен құралдардың маневр жасаудың барлық циклдарын, атап айтқанда, өрт туралы дабылбергеннен бастап, жедел штаб пен ірі орман-дала өртін сөндіруге дейін жүзеге асырды. Шекаралық аумақтарда шынайы түрде туындауы мүмкін жасанды өрт қауіпі жағдайы өзара әрекет ететін тараптардың өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметтерінің үйлесімді әрекетін тексеруге мүмкіндік берді. Жаттығуды қорытындылаған мамандар бөлімшелердің жоғары ұйымдастырушылығы мен үйлесімділігін атап көрсетті. Ал бұл қойылған міндеттерді толық көлемде орындауға мүмкіндік берді.

Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*