Ерлікке үндейтін ескерткіш тақта

Пазильбаев ЖуманалыЖамбыл облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының музейінде Ұлы Отан соғысының ардагері, милиция полковнигі Жұманәлі Пазылбаевтың құрметіне естелік бұрышы салтанатты түрде ашылды.
Салтанатты шарада сондай-ақ, Ұлы Отан соғысы Женісінің 70 жылдығы мерекесіне орай Жамбыл облысы МКҚБ ММ-де қызмет бабында қаза болған қызметкерлеріне арналған ескерткіш тақта ашылды. Бұл шараға ІІД-нің бастығының орынбасары, полиция полковнигі К.Шонғарбаев, ҰОС-ның ардагері, отставкадағы полиция полковнигі, Тараз қаласының құрметті азаматы Жұманәлі Пазылбаевтың отбасы мен ұл-қыздары, ҰОС-ның ардагері, отставкадағы милиция полковнигі О.Никитюк, МКҚБ ММ-нің басшылығы, полиция полковнигі Б.Ратаев, полиция полковнигі Д.Жиенбаев, полиция подполковнигі Ж.Сүлейменов, ІІД-нің ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы Ө.Смаилов, МКҚБ ММ-нің ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Қошқаров және ІІО-ның зейнеткерлері М.Шыныбаев, Б.Кунчашев, Ж.Калдарбеков, Т.Жүнісқадыров, Д.Ибіналиев, М.Байжігітов және тағы басқалары қатысты. Құрметті қонақтар мен жиныалған жұрт ескерткіш тақтаға гүл шоқтарын қойып, ерлікке тағзым етті. Жас ұрпақты патриоттық рухқа тәрбиелеу мақсатында МКҚБ ММ-нің ғимаратында жасақталған Кеңес Одағының батырлары мен «Халық қаһармандары» бейнеленген бұрыш жиналған жұртшылыққа көрсетілді. Ерлікке үндейтін ескерткіш тақтада «Халық Қаһарманы» Сағадат Нұрмағамбетов, генерал-майор Талғат Бигелдинов, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы, «Халық Қаһарманы» Қасым Қайсенов, пулеметші Мәншүк Маметова, «Халық Қаһарманы», ұшқыш Хиуаз Доспанова, мерген Әлия Молдағұлованың есімдері жазылған. Шара шеңберінде күзет басқармасы аланында мiндеттерiн үлгiлi атқарып, қызметінде жоғары нәтижеге қол жеткізген сақшылар Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай орай Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің «Міндет, Абырой, Ерлік» және «ҚР ІІМ Жамбыл облысы МКҚБ ММ – 60 жыл» төс белгісімен салтанатты түрде марапатталды. Бұл күні «Міндет, Абырой, Ерлік» қоғамдық төс белгісін 11 қызметкер кеудесіне тақса, «Ішкі істер министрлігінің Жамбыл облысы Мамандандырылған күзет қызметі мемлекеттік мекемесіне – 60 жыл» төс белгісімен 14 қызметкер марапатталды. Абыройлы марапатқа ие болғандардың алдыңғы қатарында 1-ші полиция батальонының взвод командирі, полиция аға лейтенанты Ғани Сатыбалдиев, взвод командирінің көмекшісі, полиция старшинасы Расылхан Раймханұлы, полиция старшинасы Виталий Кузбаков, сондай-ақ, полиция және техникалық қызметті ұйымдастыру бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Рахман Афлатунов, 1-ші полиция батальонының қызмет инспекторы, полиция майоры Манат Кебекбаев және басқалары да бар. Салтанатқа жиналған қауым мен полиция қызметкерлерін Ұлы Женістің 70 жылдығына орай естелік бұрыштың ашылуымен ІІД-нің бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қ.Шонғарбаев пен соғыс ардагері, отставкадағы милиция полковнигі О.Никитюк құттықтады. Ақ тілегін білдірген Ұлы Отан соғысы, ішкі істер органдарының өзге де ардагерлері жеке құрамды тәртіп күзетінде ержүректілікпен қызмет атқаруға, майдангер ағаларды құрметтеуге, отансүйгіштікке шақырып, басқарма басшылығына өткізіп жатқан игі іс-шара үшін алғыстарын айтты. Салтанатты іс-шараның ең маңызды әрі жарқын сәті – МКҚБ ММ мұражайында Ұлы Отан соғысының ардагері, отставкадағы полиция полковнигі, Тараз қаласының құрметті азаматы Жұманәлі Пазылбаевқа арналған естелік бұрышының салтанатты түрде ашылуы болды. Естелік бұрышта майдангердің естелік суреттері, Пазильбаев Жуманалы 3қызметтік жұмысында көп жылдар бойы енбегі үшін, ел Президенті Н.Назарбаевтан алған Алғыс, Құрмет грамотасы, Екінші дүниежүзілік соғысының медалі «Жеңіс одақтастары», «Үлкен үштік» (Ф. Рузвельт, У. Черчилль, И. Сталин), «Еңбек ардагері» және тағы басқа медальдары естелікке мұражайға қойылды. Былтыр ғана Жұманәлі ақсақалымыз осы мұражайда милиция генерал-майоры Өтеген Бұтақбаевтың ескерткіш тақтасын ашылуына қатысып, жас полиция қызметкерлеріне ақ тілектерін жолдаған болатын. Шарада ІІО ардагері, отставкадағы полиция полковнигі, профессор Дүйсенбек Ыбыналиев пен запастағы милиция полковнигі Анатолий Никитюк ағаларымыз Пазылбаев Жұманәлі ағамызды еске алып, өмір жолы жайында қысқаша айтып өтті. «Жұмекең 1924 жылдың 8 наурызында Жамбыл (қазіргі Тараз) қаласында дүниеге келген болатын. 1942 жылы, орта мектепті бітірісімен, Кеңес әскері қатарына шақырылып, 1948 жылға дейін қызмет атқарды. Неміс фашисттерімен Прибалтика, Ленинград, Белорус майдандарының ұрыстарына қатысқан. Ал 1948 жылынан 1974 жыл аралығында ІІМ органдарында әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды. Жамбыл облыстық ІІБ-на қарасты ведомстводан тыс күзет бөлімінің бастығы лауазымын атқарған. Қазір, енді Жамбыл облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы болды. Ол 18 үкіметтік наградаға ие болған, оның ішінде, «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Кеңес әскері мен флотына – 30 жыл» медалдарімен, «Милиция үздігі» төс белгісімен марапатталған болатын», – деп сөзін аяқтады Дүйсенбек Ыбыналиев. Жамбыл облысы МКҚБ ММ-нің мұражайында орнатылған естелік бұрыштар – «Жамбыл облысы МКҚБ ММ тарихы», «Милиция генералы Өтеген Бұтақбаев», «Ұлы Отан соғысының ардагерлері», «Жамбыл облысының «Халық Қаһармандары», «Қызмет бабында қайтыс болған», «Қандықол діни ласкестік қолынан қаза тапқан боздақтар», «Құрмет қарауылы» деп аталады. Енді ерлік пен батырлықты дәріптеген бұл киеле орындардың қатары ардагері Ж.Пазылбаевтың есімімен толықты.

Алмас БОРАНҒАЗИЕВ, Жамбыл облысы МКҚБ

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*