Сыр студенттері есірткіге қарсы

Кызылорда спорт (2)Қызылордада мыңнан аса оқушы мен студент спорттық жарыс түрлерінен бақ сынасты.
Есірткіден азат қоғамды қалыптастыру, жастар арасында саламатты және салауатты өмір салтын насихаттау, бүкіләлемдік зұлматқа айналып отырған дерттің кең етек алуын болдырмау мақсатында Қызылорда облыстық Ішкі істер департаменті Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының ұйымдастыруымен «Жастар есірткіге қарсы!» тақырыбында орта мектеп оқушылары мен студенттер арасында спорттық-эстафеталық жарыстар ұйымдастырылды. Сайыстың мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастырып, жастар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалануға баулу. Сайыскерлер өздерінің жүгірудегі, кедергілерден өтудегі, секіргішті қолдану мен футбол, баскетбол, теннис спорт түрлерінің негіздерін игергендіктерін көрсете білді. Бұл жарыстарға облыс көлемінде 30 білім беру орнынан 1000-нан астам оқушы мен студент қатысты.
Жеңімпаздар Қызылорда облыстық ІІД басшылығы тарапынан дипломдармен марапатталып, оларға естелік сыйлық ретінде нағыз спортшыға қажет заттар ұсынылды.

Қызылорда облыстық
ІІД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*