Шартты жазаға сотталғандар доп тепті

Сотталгандар доп тепти1Ұлы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге орай Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД Орал қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған, қоғамнан оқшаулауға байланысты емес сотталғандар арасында футболдан жолдастық кездесу өткізілді.
Жарысқа 35-ке жуық адам қатысып, жарысқа қортындысы бойынша спортшылар арасында белсенді ойын өрнегін көрсеткендер – «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы», «Үздік қақпашы» номинациялары бойынша және жеңімпаз командалар сыйлықтар мен мақтау қағаздарымен марапатталды. Марапаттау рәсімі Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД Орал қалалық пробация қызметінің бастығы, әділет капитаны Ислам Нагметов пен Орал қаласының Ауған соғысы ардагерлері кеңесі төрағасының орынбасары, запастағы полковник А.Боровский Ұлы Отан соғысына қатысқан аға ұрпақтың жасаған ерліктерін бүгінгі және болашақ ұрпақтардың есіне түсіріп, сотталғандар арасында өткізілген мәдени және спорттық іс-шараларға олардың қатысуы, коғамнан оқшаулауға байланысты емес жазалардан арылуына және қоғамға тез араласуына косар үлесін түсіндіріп, жарысқа қатысқан спортшыларды құттықтап игі тілектерін білдірді.

Орал қалалық пробация қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*