ІІД мен БАҚ байланысы сөз болды

Актобе когамдык кенес (2)Таяуда құрамында белгілі құқық қорғаушылар, өнер қайраткерлері, кәсіпкерлер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар Ақтөбе облыстық ІІД жанындағы Қоғамдық кеңестің отырысы өтті
Кеңесті құрудағы басты мақсат – ішкі істер органдарының қызметі туралы объективті және уақытылы ақпараттандыру, үкіметтік емес ұйымдар мен тұрғындармен байланысты кеңейту, құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша бірлескен әрекетті іске асыру еді. Жиын барысында облыстық ІІД-нің БАҚ-пен қарым-қатынысы, журналистердің құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алуда атқаратын рөлі туралы мәселелер қарастырылды. Пікір-талас, ой алмасумен өткен басқосуға кеңес мүшелері белсенді қатысып, тақырып төңірегіндегі мәселелер мен полиция қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстарын ортаға салды. Жиында сонымен қатар, жол қозғалысы мәселесі де қызу талқыланды. Кеңес мүшелері бағыттық автобус жүргізушілерінің жол қозғалысы ережесін өрескел бұзуы, бөтеннің мүлкін ұрлау деректерінің көбеюі, қоғамдық орындарда бейнебақылау камераларын көбейту қажеттілігі жөнінде ұсыныс-пікірлерін білдірді. Демалыс орындарындағы бейнебақылау камералар санын көңіл көтеру ошақтары қожайындарының есебінен көбейту туралы керек деген ойларын да ашық білдірді. Жиында Қоғамдық кеңестің төрағасы болып белгілі ақын-жазушы, журналист, «Шамшырақ» ЖШС директоры Мейірхан Ақдәулетұлы сайланды. Кеңес мүшелерін сенім білдіргендері үшін алғысын білдірген Мейірхан Ақдәулетұлы Қоғамдық кеңес қызметі нәтижелі болуы үшін барлық күш-жігерін салатындығын айтты.
Сондай-ақ, ішкі істер органдарына материалдар беруде журналистерге қажет бірыңғай механизм туралы пікірін білдірген кеңес төрағасы Қоғамдық кеңес мүшелерін полиция қызметін жақсарту бойынша ұсыныстар енгізіп, кеңес жұмысына белсенді қатысуға шақырды. Кездеудің соңында ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Махсудхан Аблазимов Қоғамдық кеңес мүшелерінің қоғамдық көмекшілеріне куәліктер тапсырды.

Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*