Қос мерекеге арналған сайыс

DSC_0661Кеше елордадағы «Алатау» спорт кешенінде еліміздің құқық қорғау және арнайы органдары арасында Ұлы Жеңістің 70 және «Динамо» дене шынықтыру және спорт қоғамының 90 жылдығына орай «Динамо» қоғамдық бірлестігі төрағасының кубогы үшін волейболдан турнир өтті.
Турнирдің ашылу салтанатына Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары, полиция генерал-лейтенанты Марат Демеуов қатысып, спортшылар алдында сөз сөйледі. «Құрметті әріптестер, сіздерді жарыстың ашылу салтанатымен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Бүгінгі жарыстың маңызы өте зор. Өйткені, биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығы кең көлемде тойланды. Бұл сайыс сол айтулы датаға, сонымен қатар, барлық құқық қорғау және арнайы органдарды спорт арқылы біріктіретін DSC_0751«Динамо» қоғамдық бірлестігіне 90 жылдығына арналып отыр, – деген полиция генерал-лейтенанты жарысқа қатысушыларға сәттіліктер тіледі. Сонымен, құқық қорғау және арнайы органдарының «сен тұр, мен атайын» дейтін спортшылары, атап айтсақ, ІІМ, ҰҚК, Бас Прокуратура, Қорғаныс министрлігі Мемлекеттік кіріс комитеті, Мемлекеттік қызмет істері бойынша Агенттік және Қорғаныс министрлігі құрама командасының ойыншылары білектерін түрініп, жарысты бастап кетті.

Ғани АТЫМТАЙ, сурет Серік ЖОЛДАСПЕКОВТІКІ

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*