Жетпісінші мектеп – жеңімпаз!

DSC_0315Елордалық полицейлер Астана қаласының Білім басқармасымен бірігіп мектеп оқушыларының арасында жол қозғалысы қалалық жас инспекторлар слетін өткізді.
Жол қозғалысы жас инспекторлар жасағы 1973 жылы Кеңес үкіметі тұсында жасақталған. Ал Қазақстанда ЖҚЖИ республикалық слеттері 1982 жылы Алматы, 1987 жылы Актөбе, 1989 жылы Қарағанды қалаларында өткізілді. Тәуелсіздік алғаннан кейін елімізде жол қозғалысы жас инспекторлары слетінің жұмысы тоқтатылды. Тек, 2001 жылы ІІМ-нің бастауымен жол қозғалысы жас инспекторлар слеті қайта жандандырылып, Қазақстан Республикасының Алматы қаласында ЖҚЖИ слетін өткізу жөнінде шешім қабылданды. Сол жылдардан бері республикалық жол қозғалысы жас инспекторлар слетінің өткізілуі жақсы үрдіске айналды. Балалардың жол-көлік оқиғасынан жарақаттануының алдын алу тиімділігін көтеру, жол қозғалысының жас инспекторлар жасағын дамыту мақсатында өткізілген жол қозғалысы жас инспекторларының слетіне қала мектептерінен іріктелген үздік командалар қатысты. Салтанатты шараны алғыссөзімен ашқан Астана қалалық ІІД ӘПБ-ның бастығының орынбасары, полиция полковнигі Сабыр Жүсіпбековтің айтуынша, үздікті анықтау оңайға түспеген. «М.Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында өткізіліп жатқан жол қозғалысы жас инспекторлар слетінде үздікті анықтауға тырысамыз. Қазыларға және жол-патрульдік полициясына ең мықты жасақты анықтау қиынға соғады», – деп атап өтті.
DSC_0364(1)Сонымен қатар, ол елорданың аумағында жол қозғалысын басқару, насихаттау қызметтерін барлығы 72 ЖҚЖИ жасағы жүргізетінін және олар, жол-патрульдік полиция қызметкерлеріне әртүрлі әлеуметтік-маңызды акцияларды, рейдтік іс-шараларды өткізуге көмек көрсететінін атап өтті.Қалалық слет «ЖҚЕ-нің білгірлері», «Ән және саптық байқау», «Велосипедті мәнерлеп жүргізу», «Жас санитар», «Білімпаз байқауы», «Жас реттеуші», «Үгіт-насихат бригадасы» және «ЖҚЖИ туралы ең мықты өлең» атты 8 байқаудан тұрды. Сайыс қорытындысы бойынша 1-орынды ең жоғары ұпай жинаған №70 мектебінің ЖҚЖИ командасы қанжығаларына байлады. Жүлделі 2-орынды №64 мектеп-лицейі иленсе, ал 3-орынға №38 мектеп оқушылары табан тіреді. Барлық командалар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жан АЙБЕК, суреттер Серік ЖОЛДАСПЕКОВТІКІ

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*