Құрметті Рүстем Есімханұлы!

Кайдаров Р.Е.Астана қалалық Ішкі істер департаментінің Ардагерлер кеңесі, басшылығы және өз атымнан Сізді 75 жасқа толу мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын!
Өміріңіздің 30 жылдан астам уақытын құқық қорғау органдарындағы қызметке арнадыңыз. Сіз жедел уәкілі лауазымынан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасарына дейінгі қадірлі жолдан өттіңіз. Көпжылдық еңбек жолының барлық кезеңдерінде Сіз рухани күш-жігеріңізді Қазақстан полициясының қызметтік борышына адал, Антқа берік сан мәрте ішкі істер органдары қызметкерлерін тәрбиеледіңіз. Олар бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында және ТМД елдерінде жоғары лауазымдарда қызмет етіп, Сізді Ұстаз ретінде үлгі тұтып келеді. Жоғары зияткерлік әлеуетіңіз, тұнып тұрған теориялық біліміңіз, ұшталған тәжірибеңіз, терең білгірлігіңіз, адамдарға деген сергектік пен ілтипаттылығыңыз Сізге құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында лайықты сый-құрметке бөледі. Бүгінде, «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігі Президиумының төрағасы бола отырып, республика азаматтарының конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етуге және құқықтық тәртіпті нығайтуға орасан зор үлес қосып отырсыз. Заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі ерен еңбегіңіз лайықты бағаланды. Сіз қызметтік міндетіңізді үлгілі атқарғаныңыз үшін «КСРО ІІМ-нің ең үздік тергеушісі» құрметті атағына ие болдыңыз. «Парасат» орденімен және басқа да Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының көптеген медальдарымен марапатталдыңыз, Сіз әділет генерал-майоры деген жоғарғы атаққа ие болдыңыз. Құрметті Рүстем Есімханұлы, 75 жылдық мерейтойыңызда Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға ырыс-береке тілеймін.

Құрметпен,
Амантай ӘУБӘКІРОВ,
Астана қалалық ІІД бастығы,
полиция генерал-майоры

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*