Күзет қызметкерлері допты ұршықша иіреді

Дип полк Астана куни 3Елорданың 15 жылдық мерейтойына орай ІІМ Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкінің жеке құрамы арасында футболдан жарыс өтті.
Полиция полкінің командирі, полиция полковнигі Қайрат Таңатқановтың бастамасымен ұйымдастырылған спорттық жарыс қызметкерлердің саламатты өмір салтын ұстанып, мерекені патриоттық сезімде өткізілуіне бағытталды. «Алатау» спорт кешенінде бес команданың бас қосуымен өткізілген ойынға полктің басшылық тарапынан бір команда шықса, 3 және 4-батальоннан «а» және «б» командалары болып 4 команда ойынға қатысуға іріктелініп алынды. Ойынның әділ өтуіне төрелік жасаған полктің кадр бөлімінің аға инспекторы Ж.Нұржігітов қызметкерлерге сәттілік тілеп, алғашқы 3 және 4-батальонның «а» тобындағы командаларды ортаға шақырды. Екі батальонның командалары ойын соңына дейін тең келіп, 4-батальон командасы соңғы салған ұпай шешімімен жеңіске жетті. Ал екінші топта басшылық пен 3-батальонның «б» командалары өнер көрсетті. Дегенмен, басшылық топтың командасы өздерінің қызметте ғана емес, спортта да алда екендіктерін дәлелдеп, 3-батальонның «б» командасын ойсыратта ұтты. Жеңіске жеткен 4-батальонның «а» командасы мен 3-батальонның «а» командасы кездесуінде 4-батальон командасы аса басымдықпен шебер ойын көрсетіп, 1-орыннан көрінсе, 2-орынға таласуда басшылық топтың командасы 3-батальонның «б» командасымен кездесіп, жеңіліс тапты. Сөйтіп, 3-орынды иеленіп, 2-орынды 3-батальонның командасы місе тұтты. Жарыс соңында спортшыларды құттықтаған полктің кадр бөлімінің аға инспекторы Ж.Нұржігітов жарыстың қызықты өткеніне ризашылығын білдіріп, спорттық шараның өтуіне атсалысқан қызметкерлерге және екі батальонның Әскери дайындық бойынша аға инспекторлары А.Сейітовке алғысын білдірді. Ал жарыс барысында жақсы ойын өрнегін көрсетіп, асқан шеберлігімен көзге түскен 3-батальон қызмет инспекторы Т.Мештаев «Үздік ойыншы» номинациясын жеңіп алып, грамота және құнды сыйлықпен марапатталса, 2 және 3-орын иеленген командалар да арнайы марапатталып, 1-орынның жүлдесіне қол жеткізген 4-батальон командасының капитаны А.Бурбековке полктің кубогі табысталды.

Ғабит СӘРСЕНБАЙ, Астана қаласы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*